- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Sony Xperia Z...
Sony Xperia Z смартфонын жуынатын бөлмеде де қолдануға болады
CES 2013 технологиялық жәрмеңкесінде көпшілікке танысытырылған Xperia Z смартфонын жуынатын бөлмеде қолдана беруге болады.
Бұл үшін Sony компаниясы смартфонды арнайы қорғаныс әйнегімен жабдықтаған екен. Сондай-ақ қорғаныс ұлпасы ретінде Sony Xperia Z-нің екі беті пленкамен қоршалған. Өндірушілердің айтуынша, бұл қос қорғаныстың арқасында смартфонды кез келген ауа-райында пайдалана беруге болады. Тіпті сіз душ немесе ванна қабылдап жатсаңыз да, бұл телефонның қызметтерін пайдалана аласыз.
Смартфон Android мобильді жүйесі бойынша жұмыс жасайды. Sony Xperia Z екі бірдей камерамен де жабдықталған. Алдыңғы бөлігі 2 мегапиксельді, арты бөлігі 13 мегапиксельді. Сондай-ақ, камера HDR форматында кеңейтілген видеоларды да түсіре алады. Full HD Reality Display экраны 1080 пикселге кеңейтілген. Смартфонда 4 ядролы Snapdragon S4 Pro жүйелік блогы орнатылған.
Айта кетейік, бұл Sony компаниясының бірінші суға қарсы смартфоны емес. Ертеректе компания ылғалға қарсы Xperia V, Xperia go және Xperia acro S моделіндегі смартфондар шығарған болатын.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: dgl.ru
Ю. НИКУЛЛИН