- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Соңғы "қытайлық" ескерту......
Соңғы "қытайлық" ескерту...
Саясаттағы салихалық деп жатпай-ақ, әңгімеміздің төтесіне көшейік. Оған себеп болып отырған бір сөз бар. Бүгінгі таңда сол сөзді өзімізден кішілерге жиі айтатын болдық. Және өзімізден үлкендерден жиі еститін болдық. Соншалық керемет сөз де емес. Алайда, тапқырлығы жағынан шүбәсыз тауып айтылған сөз.
1950-1960 жылдары америкалық ұшақтар барлау мақсатымен Қытайдың үстінен бір емес, бірнеше мәрте өтіп, нәтижесінде әуе кеңістігінің қатал заңын бұзады. Ал Қытай үкіметі болса, әр заң бұзушылыққа Америка үкіметіне дипломатиялық каналдар арқылы ескертулер жасап бағады. Бірақ, Америка үкіметі заң бұзушылыққа ары қарай жол беріп, қытайлардың бір емес, жүздеген ескертулері далаға кетеді.
Көшпелі мәдениетпен көрші болған Қытайда да әр уақытта сарабдал саясаткерлер мен шешендер жетіп артылған. Олардың ақылдылығы, әккі айла-қулығы ғасырлар бойына Ұлы Қытай империясының мәртебесін өрлетіп, үлкен мақсат жолындағы мүмкіндіктерді іске асыруға көмектескен... Сонымен бастапқы әңгімеге оралсақ, 1950 жылдар мен 1960 жылдардың еншісіндегі сөздің баламасы "артында өштігі жоқ ескерту"- деген мағынаны білдіреді. Қысқасы, бұл сөз: "последнее китайское предупреждение".
Сурет: news.21.by
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига