Солтүстік Қазақстанның тұрғындары 6 маусым күні Шолпан планетасын бақылайтын болады. Планета күн дискісінің шығыс жағынан бастап өтетін болады. Бұл туралы massaget.kz тілшісі хабарлады.
Осыған қатысты Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті Андрей Солодовник былай деді: "Венера күн дискіснің фонына 4 сағат 09 минут 29 секундта кіреді. Бірақ бұл уақытта біздің аймақта күн көрінбейтін болғандықтан, қызықты басын жерлестеріміз көре алмайды. Күн дискісі бізде тек 4 сағат 27 минут 26 секундта ғана көрінеді. Планета 7 сағат 29 минут 28 секунд уақытында тұрғындарға айқын түрде көрінетін болады. Көрініс ұзаққа созылады. Бар қызық шамамен 10 сағат 31 минут 30 секундқа дейін жалғасады".
Бұндай құбылыс соңғы рет 1761 жылдың 6 маусымда орын алған екен. Ол уақытта бұл оқиғаны Шолпандағы атмосфера қабатының барлығын дәлелдеген әйгілі ғалым Михаил Ломоносов бақылап, зерттеп еді. Бұл жолы Шолпан Қазақстанның кейбір аймақтары мен ТМД-нің кейбір елдеріне көрінетін болады. Аталған планетаның келесі транзиты 2117 жылдың 11 желтоқсанында орын алады.
сурет: oko-planet.su