- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Соқыр суретші "Paint"-та...
Соқыр суретші "Paint"-та сурет салады
Егде жаста көздің ең сезгіш бөлімі істен шығып, кескін аңғару қызметі бұзылған күннен бастап 97 жастағы Хэл Ласко ендігәрі қыл қалам ұстамаспын деп ойлапты - дәрігерлер сары дақ диагнозын қойған.
Бірақ, күтпеген тұста замандық технология мен "Paint" бағларламасы көмекке келіп, соның арқасында Хэлу қарт сурет кескінін үлкейтіп, әрбір пиксельді жақсы көруге мүмкіндік алыпты.
Қарадүрсін бағдарлама Хэл Ласконың тұрмысын гүлдендіріп, 10 сағаттық жұмыс күнінде (пиксель мен пиксел аралығында) небір картиналарды дүниеге келтіруде.
70 жасында зейнетке шыққан қарт "Paint" бағдарламасының ертеректе шыққан нұсқасын пайдаланады - пейзаж, абстракциялар немесе жануарлар суреті салынған кескіндемелер. 98 долларға сатылатын ғажап картиналар түпкілікті көзі көруден, құлағы естуден қалған жанның еңбегі деу, таңқалдырарлық, әрине.
Көзі көрмесе де, көңілмен сурет салатын қарт замандық технологияға арқа сүйеген бірінші жан емес, алайда, көз жанарына қарамастан, бағыт тайдырмай отырған бірінші Адам екені анық!
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
Сурет: news.nur.kz
Л. Лига