Зерттеуші ғалымдардың есептеуінше, смартфондар тоңазытқыштан әлдеқайда "ашқарақ" келеді екен. Соңғы заманауи модельдер жылына 322-х кВт/сағатты жұмсайтын болып шықты. Мәселен, iPhone-ның бір жылда жұмсайтын энергиясы орташа есеппен 361 кВт/сағатты құрайды. Оның үстіне энергияның басым бөлігі сымсыз байланыстарды ұстауға жұмсалады.
Әлемдік телекоммунациялық жүйелердің жылдық орташа энергия шығыны шамамен 1500 ТВт/сағатқа жетеді. Бұл бүкіләлемдік энергияның 10%-на тең. Керек десеңіз, бұл Жапония мен Германияның электроэнергетикалық нарқынан да көп болып тұр. Сондай-ақ, 1985 жылы бүкіл әлемде жұмсалған электрэнергия смартфондар жұмсаған энергиядай ғана болған.
Зерттеушілер бұл көрсеткіш 2035 жылға қарай жарыққа жұмсалатын энергияның мөлшеріне дейін жетеді дегенді айтып, дабыл қағып отыр. Мұндай қауіпті төндіріп отырған – смартфондар мен планшеттердің қожайындары.
Дәл қазіргі уақытта планетамыздағы ең өнімді электроэнергияның көзі – көмір. Greenpeace-тің хабарлауынша, «Apple» корпорациясы 55% энергияны осы отыннан алады екен. Көмір ең таза отын болмағандықтан, «Apple» корпорациясы басқа да энергия көздерін пайдалануды қолға алу үшін қызу жұмыс жүргізіп отыр. Компанияның ресми сайтында көздеген мақсаттың таяу арада орындалатындығы жазылған.
Осылайша, сіздің смартфоныңыз үйдегі тоңазытқыштан да көп электрэнергиясын жұмсайтын болып шықты.
Суреттер: byaki.net
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева