Смартфон адам энергиясынан қуат алатын болады

Жақын арада смартфоны бар қолданушылар телефон қуатының аяқ астынан отырып қалуын тіпті уайымдамайтын да болады. Оған себеп Джорджия технологиялық университетінің ғалымдары жасаған наногенератор болып отыр.

Нақтырақ айтсақ, наногенератор адамның тыныс алуы мен жүрісі кезінде пайда болған энергияны механикалық қозғалысқа айналдырып, оны құрылғының қуат көзіне бере алатындай мүмкіндікке ие екен.

Материалтану ғылымының докторы, профессор Шонг Лин Вангтың айтуы бойынша, құрастырылған наногенератор адам денесінен бөлінген энергияның 10-15%-ын электр қуатына айналдыруға қауқарлы. Бірақ бұл көрсеткішті 40%-ға жеткізуге де болады екен. Генератордың өлшемі бар-жоғы адам тырнағымен бірдей. Қазіргі кезде наногенератор смартфонды толықтай қуаттандыра алатындай жағдайға ие. Ғалымдар енді бұл технологияны өндіріске енгізуді жоспарлап отыр.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: russia.ru