Мүлде, сіз ойлаған кісі емес.
Уолтер Рейли - ақын, сарайшы, алғашқы жаңалық ашушы және білімдар – аты шыққан қиялдаушылар, өздерін қызықтырып тарта білетін адамдарға қалай тартылатын болса – сондайлардың типтік үлгісі.
Оның қазіргі даңқы толығымен оның ешуақытта қатысы болмаған істері арқылы шығып жүр.
Шылым шеккен ағылшын туралы бірінші хабар Бристолден келді және ол «танауынан түтін жіберген» матросқа қатысты болды. Ол түтін жіберуді 1556 жылы, Рейлидің тууынан 4 жыл бұрын бастады.
Рейли ешқашан не Вирджинияға, немесе Солтүстік Американың кез-келген басқа бөлігіне келген емес. Алғашқы шылымды Францияға Жан Никоның португальдық сарайының жанындағы сол елдің елшісі жіберген болатын, сол кісінің тегіне қатысты «никотин» сөзі шыққан. Бұл 1560 жылы болды, атап айтқанда Ново Светтен емес. ...Ал Франциядан шылым Англияға келіп түседі.
Рейли барып тұрған шылымқор болатын және сол әдетті ол Фрэнсис Дрейк сэрден үйренгеннен кейін шылымға деген құмарлыққа қатысты әдетінің көпке таралуына ықпал еткен болар.
«Шылым шегу» термині - XVII ғасырдың аяғының неологизмі; ол Англияда «түтінді жұту» деген сөз айтылып жүргенге дейін қолданылмаған.
Картоп Испанияда XVI ғасырдың ортасында белгілі бола бастады және Британдық аралдарға тікелей Америкадан гөрі, Еуропа арқылы келген болуы керек. Алғашында «паслена» тұқымдасының өкілі ретінде, өсімдік улы болып танылған болатын (бірақ шындығында ондай қасиет оның жоғарғы бөлігінде болуы мүмкін). Рейли Ирландияда өзінің бақшасында алғашқы картопты отырғызған кезде, көршілері оның үйін өртеп жібереміз деп қорқытқан.
Ханшайымның алдына, тіпті, судың үстіне жайылып төселген плащқа қатысты аңыз, Рейли қайтыс болғаннан кейін, ағылшын тарихшысы, діндары, өмірбаяншысы Томас Фуллердің арқасында пайда болды. Өзінің әлемге танымал болғаны үшін ол Вальтер Скоттқа және оның уақытында Елизавета ханшайымына арналған «Кенильворт» (1821) романына қарыздар.
Рейлидің тегін әртүрлі жазып жүрді, бірақ көпшіліктің айтуына қарағанда «Ролай» аталып, ал аты «Уотер» деп айтылған болуы керек.
Он бес жыл өмірін Рейли өлімге кесілгендер камерасында өткізіп, жазасын күтумен қатар, өзінің ойына алған үлкен бастамасы - «Әлемнің тарихы» бестомдық еңбегіне көңіл бөледі. Дегенмен ол біздің эрамызға дейінгі 1300 жылдан әрі аса алмады.
Өлім жазасы орындалғаннан кейін Рейлидің басын бальзамдап, оның әйеліне тапсырады. Оның жесірі бархыт сөмкеге салып, жиырма тоғыз жылдан кейін өзінің өлгеніне дейін үнемі өзімен бірге алып жүреді. Содан кейін Елизавета ғасырының романтикалық пиратының басы, Вестминстердегі Киелі Маргарита шіркеуінде орналасқан, Рейлидің қабіріне қайтып әкелінеді.
Форумда талқылау
Суреттер stalic.livejournal.com сайтынан алынған