- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Шоколад күніне арналған...
Шоколад күніне арналған «тәтті» деректер
Бүгін 11 шілде бүкіләлемдік шоколад күні. Бұл мерекені алғаш 1995 жылы француз халқы ойлап шығарды. Бұл күні біреулер күнін шоколад жеумен өткізсе, біреулер жақын жандарына шоколад сыйлайды. Ал енді біреулер тәттінің зияндылықтарын ескеріп, осы күннен бастап шоколадтан біржола бас тартады.
Шоколадты алғаш ацтектер ойлап шығарған деген ақпарат бар, олар шоколадты «тағамдардың атасы» деп есептеген.
Америкалықтар жылына 1 миллиард килограмм кәмпит жейді, оның жартысы шоколад.
Жүрек-қам тамырлары ауруларына тосқауыл болатын антиоксиданттардың қайнар көзі – шоколад.
Әлем бойынша шығарылатын бадамның (миндаль) 40%, жер жаңғақтың 20% шоколад өнімдеріне арналады екен.
Зерттеушілер пікіріне сүйенсек, жүктілік кезіндегі қиындықтарды шоколад жеу арқылы басуға болады.
Шоколад сөзі науатль тіліндегі “xocolātl” сөзінен шыққан, ол «ащы су» деген мағына береді.
450 грамм шоколад өндіру үшін какаоның 400 ірі бұршағы (боб) қажет.
Зерттеулер нәтижесі қара шоколад назарды, реакция уақытын, жағдайды шешуге қабілеттілікті, жадты жақсартатынын көрсетеді. Сонымен бірге көру қабілеті нашар адамдарға да көмектеседі.
Сүтті ақ шоколад – тіпті де шоколад емес. Оның құрамында какао жоқ.
Бір тілім шоколад 45 метр шақырымды жүріп өтуге жететін қуат сыйлайды.
Бельгияда 17 000 адам шоколад шығарумен айналысады.
@. @assel_assanova