- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Шаурманы бекітіп тұратын...
Шаурманы бекітіп тұратын жапсырма – жаңалық
АҚШ-тың химия және биомолекулалық инженерия мамандығында оқитын 4 студенті жеуге жарамды жапсырма жасап шығарды.
Бұл жаңалықты жүзеге асыру кезінде Тэйлор Гуарино, Эрин Уалшб Мэри Эрик пен Рэйчл Най есімді студенттер Балтиморда Джонс Хопкинс атындағы университетінде оқып жүрген. "Үнемі буррито не орамамыз ашылып кетіп, тамақтың берекесі қашатын. Содан осы мәселені шешу жолын іздестірдік. Нәтижесі, міне – "Tastee Tape" ("дәмді жапсырма").
Топ бастапқыда кәдімгі жапсырмаларыдң қызметі мен құрамын зерттеген. Кейін жеуге жарамды, ағзаға зиян тимейтін жапсырма жасауды қолға алған. Бастысы, бұл жапсырма тамақтың негізгі дәміне еш әсер етпеуі керек және вегандарға да қолайды, глютені жоқ, калориясы аз болуы шарт.
Патентке өтінішті енді өткізген зерттеуші топ дәмді жапсырманың құрамын әзірге құпия ұстап отыр.
Негізі жапсырма – түссіз. Суретте оынң бар-жоғын көрсету үшін әдейі боялған.
Г. Берік