Себебі, сен еркексің...

Гендерлік стереотиптерге арналған бірнеше қызықты деректерді назарларыңызға ұсынғым келіп отыр:

Бүкіл әлемдегі қыздар қауымы математика сабағын ұл балалардан бір кем оқымайды;

 * * * *

Ұл балалар қыздарға қарағанда, эмоциональдық тұрғыда өте әлсіз болып келеді;

 * * * *

Туылғаннан және бірінші сыныпқа дейінгі аралықта ұл балалар қыздарға қарағанда, өз эмоцияларын өте жақсы білдіретін болады;

 * * * *

Әйел заты ерлерге қарағанда, рациональды инвестор болудан алдарына жан салмайды;

 * * * *

Әйел заты секілді ерлер де эмоциональды сигналдарды өте-мөте жақсы оқи алады;

 * * * *

Ерлер қауымы әйелдерге қарағанда, өз қосақтарына көбірек күтім жасайды;

 * * * *

Ажырасудан кейінгі аралықта еркектер әйел баласына қарағанда екі есе көп өледі;

 * * * *

Аты-жөнді жасырып қалған сәтте, әйел баласы ерлерге қарағанда өздерін жиі агрессивті ұстайды.

сурет:shnapsus.ru

Дайындаған:Фараби Арыстанбек