Сайтта жұмыс істесеңіз...

Сайтта жұмыс істесеңіз...

Осы материалды оқып отырған көп адамның негізгі жұмысы интернетпен байланысты. Егер сайтта жұмыс істейтін болсаңыз, сайт 24 сағат бойы үздіксіз қызмет етуі керек екенін білесіз. Жұмыс орнынан үйге шығып, тағы да интернетке отыру әдетіңізге айналған шығар. Немесе смартфоныңызды кейде тіпті еш себепсіз қайта-қайта шұқылай беретініңіз рас. 

"МН" ерлерге арналған журнал сайтының редакторы жұмыс талабына сай, 24 сағат бойы поштасын тексерумен болады екен. Үйге келген соң, телефонын минут сайын алып, қарай беретін көрінеді. Әлбетте ұялы телефон адам денсаулығына айтарлықтай зиян. Сол себепті ол бір күні өзін қолға алуға бекініпті. 

Ол жұмыстан шығып үйге келген соң, ұялы телефонын елеусіз, көзге көрінбейтін жерге үнсіз режимге қойып қойған екен. Ал поштасын 2 сағатта бір рет тексеріп, қабылданбаған қоңырауларға жауап беріп тұрған. Пошта тексеру мен қоңырауларға жауап беруге 5 минутын ғана арнап, 5 минуттан кейін, қайтып жаңағы әдісті қайталаған. 

Нәтижесінде ол мынадай қорытынды шығарыпты: "Мен осы әдіс арқылы өмір сүре бастағанда, отбасыма береке кіре бастағанын байқадым. Өйткені, ұялы телефон осыған дейін менің отбасыма бөлетін көңілімді ұрлап келген екен. Сөйтсем, күнде кеште жұмыс бойынша келетін хаттарға жауап беруден гөрі, фэйсбук пен туиттерге кіруге көп уақытымды құртады екенмін". 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: liveinternet.ru 

Р. Роза