Ақпарат дәуірі адамдарды күн сайын кітап оқудан алыстатып бара жатыр. Бірақ, ғылым жолы мен үйрену кітаптан, кітап оқудан қол үзе алмайды. Ендеше, әрі тез, әрі көп кітап оқуда басты назарға алатын түйіндерге тоқталып көрейік:
Үлкен мидың түсіну жылдамдығы оқу қарқынынан тез болады. Сондықтан, миыңыздың көздің құлы болып қалуынан сақтаныңыз. Керісінше, көз түсіну қуатына қозғаушы күш болуы керек. Көз көрмегенді ми жаңарта алады. Бір әріптің мазмұнын оның формасы, алды-артындағы жазулар арқылы тауып алуға болады. Егер сіз өзіңіздің бүкіл қуатыңызды іске қоссаңыз, она сіз жақсы оқисыз, жазуларды тек сана елегінен өткізсеңіз болғаны. Егер бір сөз немесе бір сөйлемнің мағынасы анық болмаса, ал сіз оны қайта оқу қажет деп қарасаңыз, ең жақсысы жалғастырып оқи беріңіз. Барлық автор бірнеше сөйлеммен бір идеяны бейнелейді. Қайтадан оқудың қажеті жоқ. Ол тек сіздің оқу қарқыныңызды баяулатады. Әуелі автордың не айтпақшы болғанын ойланып алу керек.
Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы
Сурет: guardian.co.uk