Сандық фотоаппаратты қалай таңдау керек? (Соңғы бөлім)

Сандық фотоаппаратты қалай таңдау керек? (Соңғы бөлім)

1 - бөлім

2 - бөлім

3 - бөлім

4 - бөлім

5 - бөлім

6 - бөлім

7 - бөлім

8 - бөлім

Сенсең де тексер

Аламын деп шешсеңіз, өз ойыңызды сатушыға айтыңыз. Мүмкіндік болса, әйнек ішінде тұрғанды емес, қорапта жатқанын барма екенін сұраңыз. Егер жаңасы болса жоғарыда айтылған қимылдарды қайталаңыз. Сізге көзбен қарау мен ақауларды анықтау міндеті тұр.

Ол таза, механикалық ақаусыз болуы тиіс. Бір ойласаң қораптың бүтіндігі маңызды рөл атқармайтындай, дегенмен қорап жыртылса, ол соққыға тап болған, бұл жақсы емес.

Сондықтан сақтанған дұрыс. Сыртын оқыңыз қазақша жазылмаса да, шығарылған мемлекет, тауар аты, шығарған компания тұрады. Жиынтығын тексереміз, ішінде жатқан нұсқаулықта жазылғандай ма екен?! Аппаратта, линзасы сыртында еш сызат болмауы керек.

ыв

Егер бәрі дұрыс болса кассаға бара беруіңізге болады. Жоқ, алдымен кепілдік шарттарын оқып шығыңыз. Есіңіз шығып кетпей, жиынтықты қорабын салып, орап, үйге барған соң тойлатам деп ыңғайсыз жағдайда қалып қалмаңыз.

Сосын барынша кепілдік мерзімі өтпейтін уақыт ішінде қарқынды пайдаланыңыз.

Есіңізде болсын, ақырын жүріп анық бас еңбегің кетпес далаға! Нәтижесі - дұрыс таңдау. Ал дұрыс таңдау сіздің жан рақатыңызға бөлеп, еске сақтар сәтті өмірлік етеді деген сөз. Мен сіздерге дұрыс таңдау жасауға жетелеуде аздаған көмек көрсете алдым деген үміттемін. 

Дайындаған: Данияр Сәкеонв

сурет: wallpaperpassion.com