1 - бөлім
2 - бөлім
3 - бөлім
4 - бөлім
5 - бөлім
6 - бөлім
7 - бөлім
Менің ойымша сіз бір емес екі аппаратты ұнатып қалған шығарсыз. Сондықтан сатушымен (кеңесшімен) шер тарқату күтіп тұр. Артқа жол жоқ, біреуін алатыныңыз сөзсіз! (Сатушы алдында да бетіңіз ашық сондықтан, қысылмаңыз) Сатушыдан барлық ұнаған модельдерді толық жинағымен сұратып алыңыз. Егер екі модель «текетіресіп» қалса, бірінің жинағы көлемдірек болуы мүмкін. Бірақ техниканы сөреден немесе қолдан алушы болмаңыз! Сақтанғанды сақтайды демекші, бір шалт қимыл, және тақырға отырдыңыз. Әр модельді салыстыра отырып, қолға қалай иірілетінін көріңіз, қаншалықты қолайлы тұрғанын байқаңыз. Қысқасы жеке-жеке шұқылаңыз. Біреуге ыңғайлы сізге жат болуы ұажап емес.
Суретке түсіріп, көріңіз... Осыдан барып сіз қай аппарат сіздікі екендігін көресіз. Бәлкім, қымбатырағын қарастырасыз сосын. Кенет сізге керегі сол екенін түсініп, несие беру үстеліне жақындайсыз. Мүмкін керісінше сізді арзаны қанағаттандыратыны шығар.
Аппараттың қай жақта жасалғанына үңіліңіз, Қазақстандықты үш қарасаңыз да таппайсыз, сондықтан жапондық өндіріске иек артыңыз (Made in Japan). Ал Аспанасты елінің өнімдері тұрақсыз, абай болыңыз.
Сосын қосамыз. Сатушы әніне басуы мүмкін, батарейка жоқ, аккумулятор отырып қалды деп, бірақ бұл сылтау емес. Зарядтауға қосып қоюға болады бір-екі минутқа ол сізге жеткілікті. Егер батарейка қажет болса сол арадан сатып алыңыз. Артық емес, үйге апарып пайдаға асыра аласыз. Қосып көру, сізді бірқатар проблемадан аластады. «Авто» - ға қойып, бір-екі рет түсіріп көріңіз. Файлдың атын қараңыз, егер бірнеше нөлдері болса ол бұрын түсірілген деген сөз сан рет.
Айтпақшы, қосар алдында дисплейге қараңыз! Ол таза, тегіс, және қара түсті болуы керек. Егер ол жылжымалы болса, қозғап көріңіз. Жаңа дисплей жылтырап тұруы керек, жалпы білесіз ғой жаңа нәрсе деген не екенін ия?! Жақсы онда жалғастырайық, дисплейді қолмен көлегейлеген кезде қараңғылықтан сөнбей тұрған пикселдер жоқтығына көз жеткізіңіз. Жарқылдауышын байқаңыз түсіру кезінде, егер сізде кәсіби болса олардың көбінде бақа сияқты секіріп атып шығатындай болады, істеп тұр ма қараңыз.
Айтылған, айтылмағандарды қосқанда, барынша тексеріп шығуға тырысыңыз, қалғаны кепілдік талонының ісі.
Жалғасы мына жерде
Дайындаған: Данияр Сәкенов
сурет: eweb4.com