1 - бөлім
2 - бөлім
3 - бөлім
4 - бөлім
Параллакстық бейнеіздеуіш. Егер сіздің есіңізде болса, үлдірлі (пленка) бар ескі фотоаппараттар бар еді ғой, міне сондағы аппарат бейнеіздеуіштерін айтып тұрмын. Бұл қарапайым әрі сенімді, бірақ аздаған кемшіліктері де жоқ емес. Біріншіден, мұндай бейнеіздеуіш сіздің көру көкжиегіңізден 20%-ын «қиып» тастайды (яғни шынайы кадр айтарлықтай үлкен болып шығады). Осылайша сіз нені түсіріп жатқаныңызды білместен «фотоқарудың шүріппесін» басып қаласыз. Екіншіден, фокустаудың дұрыстығын таңдауға мүмкіндік бермейді.
Сонымен біз «айналыға» да келіп жеттік, бұл күрделі жүйе арқылы жүзеге асыру жүйесі, (сөздерімнің өзі жүйелі де күрделі болып кетті ғой деймін), ол окулярдан, пентапризмнан (бесбұрышты призма), айналы жетек және объективтің өзінен тұрады. Объективтен алынған сурет, бейне осы элементтер арқылы бейнеіздеуіштің окулярына жеткізеді. Айна бөгет болмас үшін (матрица немесе үлдірді көлегейлейді), міне осы экспонирлау кезінде жетек көтеріліп, затвор сияқты дыбыс шығарады.
Жақсы жақтары: бейнеіздеуіштің энергияны пайдалануы мен кедергінің жоқтығы; инерцияның жоқтығы (кәсіпқойлар үшін бұл шешуші сәт); шынайы бейнелеу (бұрмаланусыз).
Жаман жақтары да бар: конструкцияның күрделілігі мен оның қымбаттылығы; сенімділік жоқ; айнаға реакция беруі (корпусты аздап тік бағытта тартады).
Атап айтқан жөн, айналы фотоаппараттардың негізгі басымдылығы оның объективін ауыстыру мүмкіндігінің болуы (объектив бөлімін зер сала оқыңыз).
Жалғасы бар...
Дайындаған: Данияр Сәкенов
сурет: epwr.ru