Сандық фотоаппаратты қалай таңдау керек? (4-бөлім)

Сандық фотоаппаратты қалай таңдау керек? (4-бөлім)

1 - бөлім

2 - бөлім

3 - бөлім

Бейнеіздеуіш
Бейнеіздеуіш – объекті фотоға түсіруді таңдау жүйесі.

Ал олардың төрт түрі ғана бар:

-          СК-дисплей (сұйықкристалды – LCD);

-          электронды EVF  (electronic view-finder);

-          оптикалық параллакстық;

-          айналы бейнеіздеуіш. 

в

Бейнеіздеуіш түрі түсірілім сапасына тікелей әсер етпейді, бірақ жақсы фотосуреттер алу процесінде айтарлықтай маңызы зор. 

Қазіргі фотоаппараттарда барлық дерлік фотоаппаратта СК-дисплей бар, ол жалғыз болуы немесе өзге түрлермен тіркесімде болуы мүмкін: LCD+EVF мен LCD+оптикалық.

Сонымен бар сандық фотоаппараттар LCD-мен жабдықталған дедік. Бұның жақсы да, жаман жағы да бар. Дисплей фондық жарықтандыруды талап етеді. Онсыз әрине жұмыс істей береді, бірақ пайдаланушы ештеңе көрмей қалады ғой. Диодты жарықтандыруды қолданатындықтан, егер жарықтандыру әлсіз болса сырттағы жарық (күннің жарығы мәселен), қатты болса дисплей қарығып қалуы мүмкін. Қымбат аппараттарда суретті кез келген жарықтандыруда да дисплей бетін көруге болады. Бірақ мұндай аппараттың жоғары электр энергияны қолдануы да шартты. Әрине мықты фотоаппараттардың да жарықты реттеуіш мүмкіндігі бар. Олар әдетте былай болып келеді: «Дисплей: Күңгірт; Әдепкі; Жарық».

Дисплейдің жылжымайтын, жылжымалы түрлері бар. Соны назарыңызға алаңыз. Соңғысы бұрыштан, жоғарыдан, төменнен түсіруге ыңғайлы және шу деңгейін айтарлықтай төмендетеді.

Диагоналы бойынша дисплей өлшемінің мынадай стандартты түрлері бар: 1,5"; 1,8"; 2,0"; 2,5". Бір ойлап қарасаң, өлшемі үлкен болған сайын жақсы сияқты. Бірақ бұл ұйғарым ішінара ғана дұрыс. Шындығында үлкен дисплейде оның шешімі анық көрінеді, бірақ тағы да ол  энергия көзінің соры. Әйткенмен 1,8" – ден кішкентай дисплейді де алмаған жөн.  Өйткені мұндай дисплейден қарау проблема туындатады. Сонымен қатар егер сіз кәсібилікке қарай бет бұрған фотограф болсаңыз қиын. 

Мұндайда EVF бейнеіздеуіштері дұрыс. Бұл кәдімгі «айналы» (ол жайлы төменде айтамын) бейнеіздеуішке балама, мұнда тек пентапризм да, айна да жоқ, тек баламасы бар. Осындай бейнеіздеуіште тек дисплей ғана көрінетін арнайы окулярға көз саласыз. Ол «соқырлықтан» ада, мұнда бәрін, бар уақытта көре аласыз (далада да, үйде де, күндіз де, көзіңіздің өткірлігіне байланысты). 

EVF-тің тағы бір артықшылығы дисплеймен салыстырғанда аз ғана орын алады. Ал үлкейту бейнеіздеуіштің оптикалық жүйесінің есебінен жүргізіледі.

Бірақ айтылған екі бейнеіздеуіштің де кемшіліктері бір – ол дисплей инерциясы. Себебі дисплейдегі ақпарат сәт (өте-өте қысқа уақытта) сайын жаңарып отыра алмайды. Онымен қоймай ол матрицадан келетін ақпараттан алатынын ескерсеңіз. Ал оптикалық бейнеіздеуіштер айтылған кемшіліктерден ада екені түсінікті, әрі оларға электр көзі де қажет емес.

Жалғасы мына жерде

Дайындаған: Данияр Сәкенов

сурет: ©graphixfreak