- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Сандық фотоаппаратты қалай...
Сандық фотоаппаратты қалай таңдау керек? (3-бөлім)
Матрица
Объективтен жіберілген оптикалық суретті сандық форматқа ауыстыруға арналған.
Мұнда оның түрі көрсетіледі. CCD – зарядпен байланыс аспабы. Басқаша түрде сигналды электрондық сәулелі түтікпен оқылатын ескірген түрі болып саналады – дәйекті түрде оңнан солға, үстнен астына. Сезімтал элемент кремний диоды болып саналады. Қарапайым фотоаппараттар дәл осындай матрицалармен жабдықталған.
CMOS (кремний-металоксидтік жартылай өткізгіш) – бұл сіздің компьютеріңіздің жедел жадының баламасы. Мұндай параметрлер кәсіби фотоаппараттарға тән.
Live-MOS – МЖӨ (металоксидті жартылай өткізгіш) негізінде жасалған, бір пиксел үшін барынша аз қосылысты және энергия мен жылу бөлуді азайтатын қорек көзінің кернеуін талап етеді. Мұндай конфигурация барынша «тірі» фотосуретті алуға көмектеседі.
Содан соң MPix (мегапиксел) санының шешімі кетеді. Сондай-ақ кейде MPix санына тең геометрикалық өлшемі кетеді. Әрине егер тұрмыстық фотоаппаратты таңдасаңыз, CCD матрицасына риза болуыңызға тура келеді.
Бірақ қорқатын дәнеңе жоқ, ол өз міндеттерін ақаусыз атқарады. Тіпті сіз оның кемшілігін байқамай да қаласыз. Егер кәсіби аппарат алсаңыз, CMOS матрицаға ықыласыңызды түсірген дұрыс.
Мегапикселге келетін болсақ, олардың саны 5 немесе одан көп болса, толық қанағаттандыратын суреттер алуға болады. Олай болмаған жағдайда, түсіру кезінде техникалық сипатқа ие болады, немесе 10*15 өлшемді фотосуреттен артық басып шығар алмайсыз (сапасы сәйкесінше нашар болмақ).
Бір ауыз сөзбен артық-кемдіктерін саралап өтейік.
CCD матрицалардың артықшылықтары:
- Шудың төмен деңгейі.
- Пикселдерді толтырудың жоғары коэффиценті (100% пайызға жуық).
- Жоғары тиімділік (тіркелген фотондардың саны, CCD —үшін 95%).
- Динамика жиілігінің жоғарылығы.
CCD матрицаларының кемшіліктері:
- Сигналды оқу принципінің күрделілігі, яғни технологиясы.
- Энергияға деген «қомайлығы» (2-5Вт-қа дейін).
- Нарықтағы қымбаттылығы.
CMOS матрицалардың артықшылықтары:
- Жылдам әсер еткіштігі (секундына 500 кадрға дейін).
- Энергияға «қанағатшыл» (CCD қарағанда 100 есе төмен).
- Арзан әрі қарапайым.
- Технологиядағы көкжиегі кең мүмкіндігі.
CMOS матрицаларының кемшіліктері:
- Пикселді толтырудың төмендігі, демек сезімталдығы жойылады.
- Шу деңгейі жоғарылығы.
- Динамика жиілігінің төмендігі.
жалғасы мына жерде
Дайындаған: Данияр Сәкенов
сурет: kotofot.ru