Сандық фотоаппаратты қалай таңдау керек? (2-бөлім)

Сандық фотоаппаратты қалай таңдау керек? (2-бөлім)

Басы

Дүкендерде фотоаппараттардың әртүрлі сандық фотоаппарат шығарушы компаниялар ұсынған көптеген түрлерін көруге болады. Бірақ, соған қарамастан, барлық камералардың мүмкіндік көкжиегі - бір санатта. Сондықтан NIKON фотоаппараттары SAMSUNG-тен әлдеқайда жақсы деуге болмайды. Деңгейлері оның бірдей, ал брендті таңдау сіздің талғамыңызға байланысты. Барлық дерлік фотоаппараттарды аспан асты елінде (Қытайда) шығара беретіні белгілі. Бірақ, егер сапалы аппарат алуды шешсеңіз, сізге тексерілген әрі белгілі брендті таңдаған жөн: NIKON (тек фотоаппарат жасайды), CANON, OLYMPUS, SONY, Panasonic және т.с.с.  Кейбір үлкен аппараттардың, мәселен, SONY R-1 жапон өндірісінен болуы сапасының жоғары екенінен хабар береді. 

Ал бірақ нақты қайсысын алу керек? Ол үшін сату сөресіне жақынырақ келіп, алдымен бағасын оқиық. Айтпақшы, сізге кішкентай қойын дәптері мен қарындаш алу бөгет жасамайды – бұл сізге әртүрлі дүкендегі бағаларды салыстыруға қолайлы.

Онда не жазылып тұр екен? Не жазылып тұр екен. Бәрі бірдей ғой. Фотоаппарат аты мен түрі (модель). Бұл сізге мүлде қызық емес, әлде сіз Интернетті ақтарып толық сипаттамасын қарап, адамдардың пікірін саралайсыз ба? Кейде тіпті бағасын ғана жазып қоятын дүкендер бар. Бұл жақсы емес, себебі фирманың сатып алушыға бей-жай қарағаны деп түсінуге болады. Сіз сатушыдан ұнаған әр модель туралы сұрастырмайсыз ғой – оған көп уақыт жоғалтасыз. Мұндай сатып алудан бой тартқан дұрыс.
Егер дұрыс жазылған қысқаша сипаттама болса, онда мынадай ақпараттарды таба аласыз:  

по

Объектив
Матрицаға айқын суретті алуға қызмет етеді.

Атауы, түрі (модель), сондай-ақ фокустық қашықтық диапазоны (егер zoom-объективі болса) немесе ол болмаған жағдайда нақты мәні сипаттамасында көрсетіледі. Сонымен қатар zoom-объективтер үшін жарық күші диапазонының мәні көрсетіледі, себебі фокустық қашықтыққа байланысты жарық күші де бірге өзгермек. 

рго

Объектив – ең қымбат әрі аппарат үшін ең күрделі деталь болып табылады. Сондықтан оны бір абзацқа сыйдыру мүмкін емес, толығырақ жақын уақыттағы мақаланың еншісінде! 

жалғасы мына жерде

Дайындаған: Данияр Сәкенов

сурет: iscsisantarget.com