Сальса билейік, достар!

Сальса – кең таралған музыкалық жанр. Бұл терминді Кубадан шыққан (мәселен, ча-ча-ча, болеро, мамбо ) кез келген  әуен үшін қолдана беруге болады.

Жалпы, терминнің өзін 1960-1970 жылдары Нью-Йоркке келген кубалық және пуэрторикандық иммигранттар ойлап тапқан және 1980 жылдары романтикалық ұғымдардың қатарына енді. Нақтырақ айтсақ, 1928 жылы  кубалық Игнасио Пинейро атты сазгер «Эчале сальсита! («Жалын қосайық!») атты жаңа ән жазып шыққан екен. Көп ұзамай оның артынан Латын, Орталық Американың, Кариб елдерінің би дәстүрі мен музыка жанрларының қосындысынан пайда болған «сальса» атты би дүниеге келеді. Негізінен испан тілінен аударғанда «сальса» - «соус» деген мағынаны білдіреді.

Әңгімемізге арқау болып отырған музыкалық стиль Латын Америкасында ғана емес, күллі әлемге кең таралған. Арамызда сальса билеуші өнерпаздарымыз да бар болар деген үміттеміз...

Заманауи биді жұп болып та, топ болып та билеуге әбден болады. Мұнда бишілер әуеннің сегіз дыбысы бойынша бір жақтан екінші жаққа алты қадам басып билейді.

Әлемде сальсаның екі түрі бар:

1) «Айналмалы» сальса (оның ішіне кубалық сальса (касино), венесуэлалық сальса, колумбиялық сальса енеді);

2) «Сызықтық» сальса немесе Cross-body style сальсасы (оның ішіне Лос-Анджелес, Лондон, Нью-Йорк сальсасы, Палладиум және Пуэрто-Рико енеді)
Көптеген әлемдік би клубтары сальсаға ұқсас келетін бачате, меренге, реггетон, румбе сынды билерді үйретеді. Бұл ұғымдар әдемі, эмоциональді, қызықты деген мағынаны білдіреді екен.

Сальса билеу үшін қойылатын басты талап – немқұрайлылық танытпау, керісінше, өзіңнің сезімдерің мен көңіл-күйіңді ашық көрсете білу.

Жігіттер би үшін ақ жейде мен, жабысып тұратын қара шалбар кисе, нәзік  жандылар қауымы қысқа, ашық түсті көйлектер киюі қажет. Ал аяқ киім екі жақ үшін де ортақ. Екі жақ үшін де биге ыңғайлы жеңіл әрі ыңғайлы бәтеңкелер ойлап табылған.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/X0FF2BzX0S8","width":"425","height":"350"});

Би тарихынан хабардар болсаңыз, «Эчале сальсита», достар!

Суреттер:teamodance.ru,darinaismakaeva.blogspot.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева