Рокфеллердей бай болам десеңіз...

Рокфеллердей бай болам десеңіз...

Танымал кәсіпкерлер мен байлардың арасында Джон Рокфеллердің ерекше орын алатыны бәріне белгілі. Себебі Джон Рокфеллер әлемде бірінші болып, долларлық миллиардер атана алған. Рокфеллер бай болу үшін өмір бойы өз ережелерін қатты ұстанып келген. Бүгін солар жайлы сөз қозғасақ.

Біреуге аз жұмыс істе. Өзіңе көп уақыт жұмыс істемеген сайын, нашар өмір сүресің.

Жалпы алып қарағанда, бұл принцип біреудің компаниясында жұмыс істеудің келешегі жоқтығын түсінген барлық бизнесменге тән секілді. Психологиялық тұрғыдан алып қарағанда, әдеттегі түсінік бойынша, жұмыс жетістікке аса қызықпаушылық дегенді білдіреді екен. Ал мәселе жеке бизнеске келгенде, оның дамып, барынша көп пайда әкелуі – адамның қолынан келгенінің бәрін жасауға тырысып бағатынынан.

Ақшаны үнемде. Тауарды арзанырақ және көтермелеп алуға болатын жерді ізде. Сатып алатын заттарды алдын ала жоспарла және тек тізімдегі заттарды ғана сатып ал.

Өте бай бола тұра, көптеген кәсіпкерлер қарапайым өмір сүруді жалғастыра береді және киім, техникаға және тағы басқа заттарға ақша жұмсамайды. Кішкене кезінен әрбір центті санап үйреніп қалған Рокфеллерге бұл ереже әлемдегі ең дәулетті адам атануға көмектескен.  

Егер ақшаң аз болса, бизнес жасау қажет. Егер ақшаң мүлдем жоқ болса, тез арада бизнес жасау қажет! Дәл қазір!

Адамдардың шамалы пайызы ғана осы принципке еруі мүмкін – себебі бизнеспен айналысу мен басқа адамдарды басқару қабілеті бәрінен табыла бермейді. Ал Рокфеллер бастауыш мектепте оқып жүрген кездің өзінде балаларға көтерме бағамен кәмпит сатып, туған әкесіне қарызға беру арқылы ақша жинаған.

Үлкен байлық пассивті табыс арқылы келеді. Пассив табыс көзін құр да, рақат өмір сүр.

Шынымен де Америкада ештеңе істемей-ақ байып кетуге болады. Кез келген адам ірі компаниялардың акцияларын сатып алып, Apple, Facebook және Google-мен бірге байи алады. Жақсылап ойланар болса, пассивті табыстың басқа да түрлерін табуға әбден болады.

Айына кемінде 50 000 доллар табу жайлы ойлан. Көбірек те болады. Азырақ емес.

Бүгінде іске асыруға қиынға соғатын тағы бір ереже. Дей тұрғанмен, Рокфеллердің айтпақ болған басты нәрсесі – өзіңе мақсат қойып, соны жүзеге асыруға барынша тырысу.

Саған ақша басқа адам арқылы келеді. Байланыс құр! Тұйық адамдардың бай болуы өте сирек.

Ірі бизнес былай тұрсын, танысың болмаса, балмұздақ палаткасын қоюдың өзі қиын.

Әрдайым жеңімпаздармен және оптимистермен  тілдесу керек.

Кедей орта әрқашан дерлік сені кедейлікке тартады. Тіпті өте бай адамдардың өзінде ақшадан, мақсаттан және сенің арманыңнан айыратын туған-туыс, дос-жаран және тағы басқа өтінушілері бар. Егер сен әзірге кедей болсаң, сенің айналаңда байларды ұнатпайтын, сыйламайтын, тіпті кейбірі жек көретін адамдардың болуы әбден мүмкін.

Кедейлік жауапкершіліктен бас тартқан кезде келеді. Өзіңе сылтау іздей берме – не себепті сен дәл қазір өз мақсатыңа жетуге әрекет ете алмайсың.

Мотивациясыз қандайда бір нәрсеге қол жеткізу мүмкін емес. Джон Рокфеллер қатаң діни дәстүрлермен тәрбиеленген. Оның шешесі оны еңбекқорлық пен қарапайымдылықты ұнатуға дағдыландырған.

Әлемдегі ең бай адамдардың өмірі мен ойларын зертте.

Дәл қазір сен дәл осымен айналысып жатырсың. Демек, бай болуға деген алғашқы қадам жасалды.

Арман – бұл сенің өміріңдегі басты нәрсе. Арманды кәсіби түрде бизнес-бағдарламаға айналдыр және оларды толық нәтижеге дейін іске асыр.

Әрбір кәсіби жасалынған бағдарламада қалаулы нәтижеге дейінгі барлық есепті қамтуы қажет. Армандар тек осылай ғана орындалады.

Өзін-өзі басқару мақсат қоюға және оларды шағын мақсаттарға бөлуге үйретеді. Мақсаттың негізінде сіз бақытты ететін арман тұрады. Бизнесте де, өмірді жоспарлауда да құрылымсыз болмайды – олай болмаған жағдайда, сіз өзен ағысымен аға бересіз.

Адамдарға шын ниетіңмен көмектес. Бірақ өзің қалаған адамдарға ғана. Табысыңның 10 пайызын қайырымдылыққа бер.

Егер ақша қуаныш әкелмесе, онда оның не қажеті бар? Миллиардерлер кедейлер үшін өз табыстарының ең құрығанда бірнеше пайызынан бас тартуға қабілетті. 

Бизнес-жүйелер құрып, тапқан ақшаңнан ләззат ал.

Соңғы пункт – жоғары да айтылғандардың резюмесі секілді. Егер ерінбей, өзіңнің жоспарларыңызды іске асыруға кірісетін болсаң, міндетті түрде нәтиже болады.

Джон Рокфеллердің бірнеше цитатасы

  • Мен кез келген нәрседе жетістікке жетуге қажетті табандылық көрсетуден басқа қасиет бар деп ойламаймын. Табандылық көрсету барлығын жеңіп шыға алады, тіпті табиғат заңдарын да жеңе алады.
  • Өз арымның бұйыруы бойынша, мен ақша табуды, сосын одан да көп ақша табуды және оны жақындарымның игілігіне қолдануды өзімнің міндетім деп санаймын.
  • Өзімнің 100 пайызға күш жұмсауымнан емес, жүз адамның 1 пайыздық күш жұмсағанынан табысқа кенелуді қалар едім.
  • Мен әрқашан да сәтсіздіктерді мүмкіндікке айналдыруға тырыстым.
  • Кім күні бойы жұмыс істесе, оның ақша табуға уақытысы жоқ. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: super-mens.ru

Ж. FM