- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Ресей оқушылары сабақ...
Ресей оқушылары сабақ үстінде кино көретін болды
Ресей және кеңес кинематографиясының 100 туындысы енді мектеп қабырғасында оқытылатын болады. Тиісті фильмдердің толық тізімі Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігінің ресми сайтында жарияланды.
Аталған тізімге түрлі жанр мен бағыттағы картиналар енген. Олардың ішінде «Ежик в тумане» мультфильмі, «Бриллиантовая рука», «Чучело», «Утомленные солнцем» фильмдері, Ростоцкийдің «А зори здесь тихие» фильмі, Тарковскийдің «Зеркало» және «Андрей Рублев» атты туындылары бар. Сонымен қатар, мектеп оқушылары Э.А. Рязанов, Ф.С. Бондарчук, В.Я. Мотыль секілді танымал режисерлердің киноленталарымен жақынырақ таныса алатын болады.
Тізімді құруға Санкт-Петебург мемлекеттік кино және телеөндіріс университетінің, Ресей өнер тарихы институтының, РФ киноматографистер одағының және тағы да басқа өкілдері атсалысты. Сонымен қатар, жүргізілген сауалнама нәтижелері де ескерілген.
РФ Мәдениет министрі Владимир Мединский: «Егер біз осы факультативті өнертану пәнін енгізбейтін болсақ, оқушылардың 99 пайызы бұл фильмдердің ешқайсысын көре алмайды»-дейді. Сондай-ақ, РФ Мәдениет министрлігінің басшысы аталған пәннің оқушылар арасында дене шынықтырудан кейінгі ең сүйікті пәнге айналатындығына сенім білдіретінін айтты.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: radio-centr.ru, ttv.su, mul.3dn.ru
А. Құлтай