NASA ғарыш агенттігінің «Жаңа Көкжиектер» аппараты бір аптада Плутонның бірнеше анық суретін жолдады. Жеткізілген суреттердің көмегімен адам баласы бұрын-соңды белгісіз болған ғаламшар туралы көптеген ақпаратқа ие болды. Оған қоса, ғаламшардың табиғи спутниктерін де анығырақ зерттеуге мүмкіндік алды.
Ең жақын түсірілген суреттер Плутонның беткі қабаты туралы мәлімет береді. Атап айтқанда, суреттердің көмегімен Плутонның таулы аймақтары мен шатқалдарын айқын көруге болады. Ал Плутон бедері ғаламшардың қалыптасу үдерісі, яғни оның эволюциясы туралы мәлімет береді. NASA мәліметіне орай, «Жаңа Көкжиектер» зонды жинаған мәліметінің небәрі 1-2%-ын ғана жібере алған. Соның өзі адамзат үшін мол ақпарат беріп отыр.
Плутон мен оның ең үлкен табиғи серігі Харон
Плутонның 766 мың шақырымнан түсірілген суреті
Плутон мен Харон (жасанды бояу)
Гидра - Плутонның ең кіші спутниктерінің бірі
Харонның ең анық түсірілген суреті
Плутондағы таулар
Харон бедері
Никс - Плутонның ең кіші табиғи серіктерінің бірі
Плутонның мұзды жазығы
Плутон мен Харонның орбиталды суреті