- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Пластикті ыдырататын бактерия...
Пластикті ыдырататын бактерия
Science Alert басылымы неміс ғалымдарының полиуретан негізінде жасалған уытты пластиктің қалдығын ыдырататын бактериялар штамын тапқанын жазды.
Бактериялар штамы полиуретанды пластикті толықтай шіритін материалға айналдырады. "Пластик ыдырағанда бактериялардың басым көпшілігін өлтіре алатын уытты және канцерогенді заттар түзіледі. Алайда жақында табылған штамм өте төзімді болып шықты. Бұл жаңалық әлемдегі полиуретанды өнімдерді жою жолындағы үлкен қадам екеніне сенімдіміз", - деді экологиялық зерттеу орталығының зерттеу тобының мүшесі Герман Хайпипер.
Оның айтуынша, жаңа бактерия штамы пластикті ыдыратудан бұрын көп жұмыс атқару қажет. Әлі бактерияның құрылысын зерттеп, оның қанша мөлшерді полиуретанды пластикті ыдыра алатынын анықтау мақсаты тұр.
Қай брендтің өнімі қоқыста көп кездеседі?
Бұған дейін Аустралия ғалымдар пластиктің кез келген түрін қайта өңдеуге болатын құрылғы ойлап тапты. Технологияны Лен Хамфрейс және Сидней университетінің профессоры Томас Машмейер жасаған. Ғалымдардың айтуынша, жаңа технология кез келген түрдегі, соның ішінде, қайта өңделмейтін пластикті де қайта өңдеуге мүмкіндік береді.
Ғалымдар жасаған құрылғы – каталитикалық гидротермалды реактор (Cat-HTR) қайнаған суда және жоғары қысымда молекулалық деңгейде пластиктің сапасын өзгертеді.