Қазір қағаз пакет ұстау АҚШ пен Еуропа азаматтарының әдетіне айналған. Бұл әдет біздің елге де келе бастады.
Қағаз пакет пластикке қарағанда қымбаттау тұрады әрі зат та аз сияды. Содан "пакеттің қайсысын сатып алған жөн – қағазды ма әлде пластикті ме?" деген сауал еріксіз ойда тұрады. Сондықтан екі пакеттің қайсысы таза, экологияға пайдалы екенін түсініп алайық.
1. Қағаз өндірісі пластикке қарағанда ауаға көп зиян келтіреді. Пластик өндірісіне қарағанда ауаға 80 пайыз көп газ шығады.
2. Қағаз өндірісі пластикті өндіргенде қарағанда су көп шығындайды. Әрі екі есе көп су ластайды.
3. Қағаз пакет шығарғанға қарағанда пластик пакетті шығаруға кететін энергия 4 есе көп.
4. Қағаз пакет жасау үшін ағаш керек. Ал ағаш – жер шарының өкпесі, оттегі шығарушы организм.
5. Қағаз пакетті жою мен қайта өңдеу оңай. Бірақ пластик пакетті өңдеуге қарағанда 91 пайыз көп қаржы кетеді.
Жоғарыда айтылған деректерге қарап, қағаз пакетті шығаруға көп ресурс кететінін байқаймыз. Яғни, пластик өндірісіне қарағанда көп көмір жағылады, ауаға парник газ шығады, су ластанады әрі жер бетінен ағашты құртып жіберуіміз мүмкін.
Бірақ қағаз пакетті өндірудің бір артықшылығы бар – жануарлар әлеміне тигізетін зияны аздау. Мәселен, далада қалған қағаз пакет (табиғатта қоқыс тастауға болмайды, оны еске ұстағанымыз абзал) табиғатқа көп залал келтірмесі анық. Ал пластик пакетті жеп қойған жануардың тірі қалуы екіталай. Қағаз пакеттің тағы бір оң тұсы – тез шіріп кететіні. Ал пластик жерде ұзақ жатады. Сондықтан табиғат-анаға тигізер зияны да көп.
Қазіргі уақытта "қағаз не пластик пакеттің қайсысы экологиялық жағынан таза?" дегенге нақты жауап жоқ. Егер қағаз пакетті өндіруге көп ресурс пен қаржы кететінін ескерсек, пластик пакетті өндірудің оңтайлы тұстары әлі де пайда болар.