Тайланд астанасының толық ресми атын білесіз бе? Білмесеңіз, мінекейіңіз: Крунгтеп Маханакон Аморн Раттанакосин Махинтара Юдтая Махадилок Поп Нопарат Ратчатани Буриром Удомратчневес Махасатарн Аморн Пимарн Авалтарнсатит Сакататтия Висанукрам Прасит. Бұның бәрі тай тілінде 152 әріп немесе 64 буыннан құралған бір сөз болып жазылады (күнделікті қысқартылып айтылатын атауы - Крунгтеп).
Аталған сөздің мағынасы:"Періштелер қаласы, аспан асты інжу моншақтарының үлкен қазынасы, ұлы және асқақ жер, корольдіктердің ішіндегі ең негізгісі және көріктісі, патшалық әрі ғажайып астана, жұмақ мекенді еске салатын, тоғыз игі асыл тастармен бағаланған, асқақтаған корольдік сарайдың молшылығы, жаны бағалы жандарға арналған таңғажайып мекен мен баспана".
Тайланд астанасын "Бангкок" деп шеттен келген мәдениетсіз (оларға бұл сөз түрпідей тиеді және осылай бағамдайды) адамдар ғана айтады. Шын мәнінде, осы бір ауыз сөзді жергілікті тұрғындардың ұмытқанына 200 жыл болған.
Сурет:namonitore.ru
Дайындаған:Фараби Бақыт