- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Пайдасы ғылыми тұрғыдан...
Пайдасы ғылыми тұрғыдан дәлелденген ноотроптар
Көпшілік адамдар ноотроптық құралдарды фармакологиялық көзбояғыш құралдардың бірі, олардың адам ағзасы үшін еш пайдасы жоқ деп біледі. Алайда ғылыми тұрғыдан дәлелденген пайдалы ноотроптар бар.
Ноотропты қарапайым тілмен айтқан кезде, дәрілік құрал болып табылмайтын, тағамға қосылатын биологиялық белсенді қоспа. Сіздердің назарларыңызға ең пайдалы ноотроптарды ұсынамыз.
1. Кофеин
Кофе және шәй — ең танымал ноотроптардың қатарында. Алайда кофеиннің пайдасы мен зияны туралы көптеген қарама-қайшы пікірлер бар.
Ноотроптық әсері
Нақты бір айтатын жайт кофеин психикаға әсер етуді ынталандыруға мүмкіндік береді. Кофеиннің әсер етуі оны қабылдағаннан кейін бірнеше минуттан кейін білініп және оның күші 20 минуттан бастап бірнеше сағатқа созылады. Кофе ішкен адам өзін сергек сезініп, жұмыс жасау қабілеті артады, концентрация жоғарлайды. Егер бір кесе кофеин әсері сезілмесе, онда оның мөлшерін көтеру қажет. Бұл әсіресе шәйға қатысты, кофеиннің мөлшері шәйда кофеге қарағандай айтарлықтай аз.
Кофеиннің әсері біткеннен кейін адам дел-сал күйде болады, күші бітіп қалғандай әсер береді. Кофені тұрақты тұтынудың зияны мен пайдасы пайдалы түрлі пікірлер айтылса да, ешкім әлі де тоқ етерін айтар емес.
Ол горманды жүйе қызметтеріне тікелей және жылдам әсер етеді – бұл көптеген есірткі заттарының әсер ету қағидаты болып саналады.
Кофені тұрақты тұтыну ағзада ең ауыр есірткі заты болып табылатын амфетаминге қатысты толеранттылықты дамытады, бұл ғылыми тұрғыдан дәлелденген.
2. Глицин
Глицин ең қауіпсіз және кең таралған ноотроп. Бұл біз тағамдар арқылы қабылдайтын амин қышқылы және медициналық зерттеулер оның пайдалы зат екендігін дәлелдеп шықты.
Ноотроптық әсері
Глицин миға барып түскен кезде ГАМК — тежегіштік нейромедиатордың шашырауына түрткі болады. Глициннің өзі орталық жүйке жүйсесіне белсенді әсер береді. Көпшілік адамдар оның дәріханалық мөлшерлеменің әсерін сезінбей жатады. Егер бір сіз бір таблетканың орнына ондаған таблетке ішсеңіз, жарты сағаттан кейін денеңіз босап, ұйқы қысатын болады. Толық қанағаттану үшін тәжірибе жасауда медициналық мөлшерлемені ұлғайтып пайдаланудан қорқудың қажеті жоқ, өйткені глицинді көп мөлшерде тұтыну адам ағзасы үшін қауіпсіз болатындығы дәлелденген.
Cондай-ақ глицин жады жұмысына жауап беретін NMDA-рецепторлары қызметін белсендіреді. Глициннің тыныштандыру әсерімен бірге ұзақ мерзімді перспективада қабілеттілікті арттыруға да тигізер пайдасы мол.
3. Таурин
Таурин көпшілікке энергетикалық сусын ретінде жақсы таныс. Оны газировкадан ғана емес барлық тірі ағзалар үшін заттардан алуға болады.
Ноотроптық әсері
Таурин орталық жүйке жүйесіне тежеуіштік жағдаймен әсер етеді. Тауриннің пайдалы тұсы ол көпшілік жағдайда біздің когнитив қабілетімізді, әсіресе жадымызды анықтайтын гиппокампедегі жасушалардың белсендігіне әсер етеді.
4. Готу кола
Готу кола немесе азиаттық центелла — тропикалық елдерде өсетін өсімдік. Оның құрамында ацетилхолин шығарындыларын ынтыландыратын, синаптикалық бөліктердегі сигналдарды беру жылдамдығын реттейтін заттар бар. Өсімдікті біздің климаттық белдеуде кездестіру қиын, алайда оларды азиаттық центелл сығындысы ретінде дәріханалардан алуға болады.
Ноотроптық әсері
Ежелгі шығыс медицинасы азиаттық центелл ұзақ уақыт тұтыну жады жұмысын жақсартып және қабілеттілікті арттырады деп білген. Оның ғылыми негіздемелері де бар. Оны тұтынғаннан кейін жандүниеңіз тыныштанып, седативтік әсерді сезіне аласыз.
5. Двулопасты гинкго
Қатаң табиғат ортасында да тіршілік ете алатын өсімдік түрі. Олар парагиттермен және түрлі ауырулармен күреса алатын, суыққа төзімді, құнарлы емес топырақта да тамыр жая береді. Гинкго Қытай аумағында көп өседі.
Ноотроптық әсері
Гинкго адам ағзасын қалыпқа келтіруші қабілетке ие. Егер адамда оны қабылдағанға дейін концентрациямен, көңіл-күймен, жұмыс істеу қабілетімен қандай да бір проблемалар болған кезде, оның әсері бірден білінеді. Гинкго ақыл естің дамуының тежелуі және басқа да ми ауыруларын емдеу үшін қолданылады. Жады жұмысын да жақсартатындығы ғылыми тұрғыдан дәлелденген.
6. Родиола
Тағы да бір ежелгі шығыс өсімдіктерінің бірі. Родиоланың пайдасы шаш етектен, ол қысымды қалыпқа келтіруге, жүрек жұмысын жақсартады және тәбетті ашуға ықпал ете алады. Орталық жүйке жүйесінің де жұмысын да ретке келтіреді.
Ноотроптық әсері
Ғалымдар родиола жалпы адам ағзасының жалпы қабілеттілігін арттыруға әсер ете алады деген тұжырым жасайды. Родиолды қабылдағаннан кейін сіз бірден өзіңіздің шаршағандығыңызды білесіз. Сондай-ақ родиола серотонинді шығарады. Өсімдік гормандар санын қалпына келтіру қабілетіне ие, алайда олар гормандарды артық болуын ынталандырмайды.
7. L-тианин
Кофеден басқа, көк шәйда болатын тағы бір ноотроптық зат. Біз бір кесе ноотроптық сусынды ішкеннен кейін бірден сергектікті сезіне қоймайсыз. Бірақ оның мөлшерін арттыруға болады. Концентрирацияланған L-тианинді дәріханадан сатып алуға болады.
Ноотроптық әсері
L-тианин мөлшерлі бөлігін қабылдағаннан кейін адам ағзасы тынышталып, қалыпты күйге түседі, алайда ол назар аудару қабілетін нашарлатпайды.
L-тианин мидағы альфа-белсенділікті жоғарлатады. Яғни адамардың күйзеліске қарсы жұмыс жасау қабілеті артатын болады. Бұл ретте седативтік әсері байқалмайды. Оның үстіне L-тианин кофеинмен оның негативті әсерлерін деңгейлестіре отырып онымен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
8. Левзея (маралтамыр)
Левзея — әр нәрсеге күмәнмен қараушылар үшін нақты жауап. Егер сіз ноотроптық әсерді бірден сезінгіңіз келсе, онда сіз левзеяны таңдаңыз. Өсімдік тамырын дәріханадан алуға болады, ол зиянсыз өнім, ал оның әсерін бірден сезінесіз.
Ноотроптық әсері
Левзеяны спортшылар сергіткіштік құрал ретінде жиі пайдаланады. Ол денедегі ауырлықты түсіріп, орталық жүйке жүйесінің белсенді жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Егеуқұйрыққа жасалған зерттеу қорытындысына сәйкес левзеязды пайдалану интеллектуалдық қабілеттің де дамуына да оң әсерін тигізген.
дереккөз: bilim-all.kz
Т. Есқали