Әлемнің 50 қаласына жасалған QS агенттігінің рейтингінде студентке қолайлы қала Париж болған. Бұл қала берілуі керек 500 балдың ішінен 421 ұпай жинап, 405 ұпаймен Лондон қаласынан үстем болып шықты. Үштікке кірген қала - Бостон (399 ұпай).
Бұл бағалаудың негізгі 12 критерийі бар. Оның ішінде студенттің әлеуметтік жағдайы, денсаулығы, шетелдік студенттердің саны, оқу құны, білім сапасы, жарнамасы секілді талаптар бар. Париж осы талаптың барлығына да жауап берген. Бір қызығы Сингапур қаласы көшбасшы қаланы «жұмысқа орналастыру» мәселесі бойынша басып озып, кейін де басқа талаптар жағдайды өзгерткен. Ал Лондон мен Бостон Жоғары оқу орындары қатарындағы рейтингі бойынша Парижді артқа тастап кетіпті-міс.
Ал сенсациялық жаңалық ретінде алғашқы елу қала тізімінің 14 және 46 позициясына жайғасқан Лион-Сент Етьенн мен Тулуза қалалары болып отыр.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: be-student.ru