Антарктиданың үстіндегі озон қабаты – Жердің ең осал нүктесі. Себебі аталған аймақтағы озон қабатында атмосфералық ойық пайда болған. Химиялық заттардың ауаға тарауынан ол жыл сайын үлкейіп келеді. Ойықтың бүгінгі аймағы Солтүстік Америка материгінен де асып түскен. Бұл туралы Германиядағы DLR аэроғарыштық агенттігі хабарлады.
Қазір Антарктидада жаз мезгілі. Ал ойықтың ауданы 26 миллион шаршы шақырымға жеткен. Ғалымдардың айтуынша, мұндай үлкен ойық жылы ауа массаларының Оңтүстік полюске қарай бағыт алуынан қалыптасқан.
Неміс ғалымдары дайындаған видео арқылы Антарктиданың үстінде пайда болған озон ойығы аумағын көре аламыз:
Атмосфераның төменгі қабатындағы ең қауіпті ауа массасы – озон. Ол атмосферада зауыттар мен көлік қозғалтқыштарынан шыққан жанармай қалдықтарынан түтін қабатын түзеді. Ал ауа қабатының жоғарғы бөлігінде ол қорғаныс қабатына айналады. Озон Жердегі тіршілік көзін Күннің қауіпті сәулесінен сақтайды.
Айта кетсек, 2006 жылдың қыркүйек айында озон қабатындағы ең үлкен ойық тіркелген. Ал биылғы көрсеткіш жаңа рекорд орнатуы ықтимал. Ғалымдардың болжамына сенсек, озон ойығы 2040 жылға қарай толығымен жойылып кетеді.