Өзіңізді сиыр сезініп көріңіз

Өзіңізді сиыр сезініп көріңіз

Стэнфорд университетінің қызметкерлері соғымға таңдалған сиырдың күйін сезініп көруге болатын жаңа технология ойлап тапты.

Тәжірибелік жұмыстарға қатысқан еріктілерге(волонтер) арнайы құрылғыны кигізеді де, виртуалды әлемге сүңгітіп жібереді. Олар үшін университет лабораториясы жайлауға айнала шығады. Зерттеушілер еріктілерді астауға бағыттап, виртуалды сиырды басқаруды үйретеді. Осыдан кейін адамдар шынайы рөлге кіріп, өздерін "аватар" атай бастайды екен.

Ерекше тәжірибе адамның соғымға бара жатқан сиырдың жағдайын сезінуі үшін ойлап табылды. Зерттеу басшыларының бірі Джошуа Бостик: "Біз шын мәнінде эмпатия теориясына қызығушылық танытып отырмыз. Егер сіз виртуалды түрде сиырға айналсаңыз, етті жеуге деген көзқарасыңыз міндетті түрде өзгеретін болады" деді.

Тәжірибеге қатысқан еріктілердің көпшілігі еттен бас тартатындықтарын айтса, кейбірі етке деген тәбетінің төмендемегендігін айтып жатыр.

 

Суреттер:byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева