- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Оттегінің көп болуы...
Оттегінің көп болуы қаншалықты дұрыс?
Біз тыныс алатын атмосфералық ауаның 20,9% — оттегі. Қалған бөлігі азот (78%), көмірқышқыл газы(0,03%) мен аргоннан (1%) тұрады.
Оттегінің жетіспеушілігі денсаулыққа қаншалықты қауіпті болса, оның артық мөлшерде кездесуі де соншалықты зиян. Мысалы, тәжірибе кезінде тышқандар 30 минут бойына толық оттегіден тұратын ауамен тыныс алған. Нәтижесінде милары зақымданғаны анықталған. Көп мөлшердегі оттегіні де жылдам ішке сіңіру де ағзадағы жасушыларды өлтіретін бос радикалдардың туындауына алып келеді.
Оттегі терапиясы (емдік үрдіс) кезінде ауадағы оттегі мөлшері 60%-ға дейін жетеді. Дегенмен, ол тек қажетті жағдайда ғана жүргізіледі. Мысалы, созылмалыы өкпе дертіне шалдыққан адамға тек дәрігер рұқсатымен ғана қолдануға болады. Ал, ауадағы оттегі мөлшері 85-90% құрайтын сәт өте сирек кездеседі. Бұндай жағдай тек емделушінің өміріне қауіп төнген сәтте ғана қолданылады.
Ал, оттегіні мөлшерден сәл көбейту – адам денсаулығы үшін пайдалы. 10-20 минут бойына 30% оттегімен тыныс алу метаболизмді қалпына келтіріп, қандағы глюкоза мөлшерін азайтып, салмақтың түсуіне әсер етеді.
Оттегінің жетіспеушілігі барлық ағзаның жұмысын бұзады: тыныс алу жүйесі, қан айналым, иммундық және орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Оттегінің жетіспеушілігіне мына жағдайлар әсер етуі мүмкін:
• Шылым шегу: Темекі тартатын адамға қарағанда, тұтынбайтын адам миы қажетті оттегіне алады. Бір қызығы, адам темекіден бас тартуға шешім қабылдаған сәтінде оның миына оттегі одан да аз түседі.
• Экологиясы нашар ауданда тұру: отынның жануынан пайда болатын көмііртек тотығы ағзаның улануына себепші болады. Ол гемоглобинмен байланыс құрады да, ағзада оттегі «аштығы» пайда болады.
• Созылмалы аурулар: оттегінің жетіспеушілігі созылмалы аурулар кезінде (тұмау, қатерлі ісіктің кей түрі) пайда болады.