- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Өсуге қабілеті бар...
Өсуге қабілеті бар тірі тастар
Таңғажайып тастарды Румынияның оңтүстігінде қала орталығынан алысырақта кездестіруге болады. Бұл тастарды жергілікті тұрғындар трованттар деп атайды. Бұлар өсіп қана қоймайды, таңқаларлығы олар өздігінен көбейеді.
Негізінде, бұл тастардың жарылған жері өткір және дөңгелек, иілгіш пішінді болып келеді. Осы ауданнан тровант-тастарға ұқсас көптеген қойтастарды кездестіруге болады.
Бірде жаңбырдан кейін мынадай таңғажайып оқиға орын алды: олар саңырауқұлақтар сияқты өсті.
Мысалы, салмағы аз ғана грамм болатын кішігірім тровант белгілі бір уақытта өте үлкен көлемге дейін өсіп, салмағы бірнеше тоннаға дейін ауырлауы мүмкін. Тастар неғұрлым жас болған сайын тез өседі.
Бұл тастардың негізгі бөлігін құмдақтар құрайды. Өзіндік ішкі құрылысы бойынша олар да ерекше: егер тасты қақ ортасынан бөлсе, кесіндіде ағаштың діңіне ұқсас кішкентай ядроның маңына шоғырланған сақиналарды көруге болады.
Осыған қарамастан, геологтар тровант тастарды түсіндірілмес ғылыми құбылысқа жатқызуға асығар емес. Ғалымдар бұлар ерекше тастар болса да, олардың табиғатын оңай түсіндіруге болатындығын айтқан. Геологтар тровант тастардың жәй ғана жер қойнауында миллион жылдар бойы болатын құмның цементациясының ұзақ процесстерiнiң нәтижелерi екеніне сенімді. Ал бұл тастар жер бетінде белсенді сейсмикалық құбылыстардың көмегімен пайда болған.
Ғалымдар трованттардың өсуін былай түсіндірген: тастар өздерінің қабығында кездесетін әртүрлі минералды тұздардың болуымен жетіліп отырады. Сыртқы беті суланған кезде бұл химиялық қосылыс үлкейеді де, жаңадан құмды қосып алып отырады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
суреттер: mirfactov.com