Орыс тіліндегі "Википедия" жабық

Бүгін орыс тіліндегі "Википедия" сайты жұмыс жасамайды. Бір күндік бұл ереуіл Гос Думадағы "Ақпарат туралы" Заңға енгізілуі мүмкін түзетулер талқылауына байланысты болып отыр. Заңға ұсынылып отырған түзетулер қабылданса, Ресей ғаламторы көптеген өзгертулерге тап болмақ. Ал Википедия сынды тегін ресурсты сайттар мүлдем жабылуы мүмкін.

Сайтқа кіргенде осындай жазу қарсы алады

Ғаламтордағы ақпаратқа тиісті мәселені шешу үшін Ресей Гос Думасында қытайлықтардан үлгі алу ұсынылып отыр. Олардың "Ұлы Қытай Фейрволлы" бағдарламасы арқылы мемлекет Ғаламтор жүйесін толық бақылауға алды. Сол арқылы рұқсат етілген және қауіпті деген сайттардың IP-адрестерінің тізімі жасалынып, қатаң фильтрацияланады. Ертең Ресей Гос Думасында осы заң жобасының талқылануының екінші отырысы өтпек. Заң жобасы үшінші отырыстан кейін қабылдануы тиіс.

 

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: day-blog.ru