Қазір Жер орбитасында 15550 жасанды аппарат айналып жүр. Оның ішіндегі 3336 данасы жұмысқа жарамды. Қалғандары зымыраннан бөлінген бөлшектер сынды қоқыстар. Жұмысқа жарамдыларының ішінде 850 данасы белсенді жұмыс істеп келеді.
1974 жылы ғарышқа ұшырылған AMSAT OSCAR-7 спутнигі бүгінге дейін Жермен байланысын жоғалтпаған. Ол — адам баласына ең көп уақыт қызмет еткен аппарат. Оның салмағы небары 28,8 келі. Ал Халықаралық ғарыш бекеті — орбитадағы ең алып ғарыш нысаны. ХҒС салмағы 450 тоннаға тең.
Жер орбитасындағы техникалық аппараттардың басым бөлігі Ресей мен ТМД елдеріне тиесілі. Қазір олардың саны 5833-ке жеткен. Оның ішіне 1402-сі спутник, 4431-і зымыран бөлшектері мен өзге де ғарыш қоқыстары санатына кіреді. Ал АҚШ-та 4824 ғарыш нысаны бар болса, Қытай орбитадағы 3388 бөлшекке иелік етеді. Содан кейінгі орынды 472 ғарыш нысанымен Франция елі алып отыр.