Бүгінде Марс ғаламшарын зерттеумен айналысып жатқан ғылыми орталықтар «Кьюриосити» ровері жіберетін ақпаратпен шектелуде. Аталған аппарат қызыл ғаламшарда 2012 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Ал оған дейін көрші ғаламшарда «Оппортьюнити» ровері еңбек етіп келді.
NASA ғарыш агенттігінің реактивті қозғалысты дамыту зертханасының мамандары Марста 11 жыл қызмет еткен ескі ровердің еңбегін YouTube видеохостингінде жариялады. Айта кетейік, марстық «Оппортьюнити» 2004 жылдың қаңтар айынан бері жалпы 40 шақырым жол жүрген. Көрсетілген қашықтықтың видеотаспасы Time Lapse тәртібінде өңделіп, интернетке жүктеліп отыр.
Арнайы қондырылған «HazCam» камерасы аппараттың бар жолын түсіріп алған. Ал видеоның сол жағында ровердің траекториясы көрсетіледі.
«Оппортьюрити» 11 жыл бойы қызыл ғаламшардың топырағына талдау жасап, бірнеше кратерлерді зерттеді. Сонымен қатар, өзінің істен шыққан жылу қорғанышын жөндеп, терең шұңғымаларды анықтай алды.