АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласының Білім басқармасы оқушыларға iPad сатып алып жатыр, деп хабарлайды Associated Press агенттігі. Мектеп оқулықтарының орнын технологиямен ауыстыру жобасы бірнеше жылға созылады.
Мекеме 30 миллион қаржыға iPad құралының бірінші легін сатып алуға рұқсат берген. Apple компаниясының өкілдігі бірінші сатып алу легі 31 мың дана планшеттен басталады деп хабарлады. Apple өнімдері мектеп оқулығын ауыстыруға толықтай мүмкіндігі бар және өзге компанияның планшеттеріне қарағанда арзан болған екен. Электронды оқулықтарды мектептерге нарықтағы оқу құралдарын жеткізуші Pearson атты басылым жеткізетін болып бекітіліпті.
Ал 2012 жылдың басынан Apple тарата бастаған iBooks жүйесі қабылданбаған. Жалпы АҚШ мектептерінде 10 миллион iPad қолданылады. Лос-Анджелестің балабақша жасынан 12 сыныптың түлегіне дейінгі жастағы 640 мың оқушының барлығына да электронды оқулық жеткен кезде, қала АҚШ-тағы алып мектеп округі болып саналмақ екен.
Қағаздан жасалатын оқулықтарды электронды оқулыққа ауыстыру идеясы Apple компаниясын құрушы Стив Джобсты қатты қызықтырған, делінген агенттік хабарында. Бұл арқылы марқұм көмекші оқу құралдардың сертификациясын түпкілікті жойып, тегін электронды оқулықтар шығаруды көздеген екен.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: lenta.ru