Нью-Йорктық хот-дог жеуден рекорд орнатты

Хот-дог жеуден чемпиондық атағы танылып жүрген Джои Чеснат өз рекордына өзгеріс енгізді. Ол бұл жолы 10 минутта еттен жасалған шұжықтың (хот-дог) 68-ін жеп тауыса алған. Бұл дегеніміз, 2011 жылы өзі орнатқан көрсеткіштен алты хот-догқа артық. Ал ең жақын қарсыласы жарыс барысында 52-ақ хот-догты тауысқан.

Хот-дог жеуден алты дүркін жеңімпаз атанған азамат бүгінгі таңда жиырма сегізде. Бойының 180 сантиметр болғанына қарамастан 95,2 келі салмақты құрайды. Чемпионның сөзіне сенсек, жеңіске жету үшін өз тиімді тәсілін пайдаланатын болып шықты. Мәселен, жарыстың соңына қарай қарсыластары тамақты ақырын жей бастағанда, бұл болса жылдамдықты арттыра түсіп, асай түседі екен. 

Ал әйелдер арасындағы жарыста өткен жылғы чемпион болып саналатын Вирджиния штатының тұрғыны Соня Томас тағы да жеңімпаз атанды. Ол бұл жолы жас шамасына сәйкес мөлшерде хот-дог жей алған. Және Томастың бойы 164 сантиметр бола тұра 45,3 келіні ғана құрайды.

Айта кетсек, Американың тәуелсіздік күніне орай 4 шілде сайын хот-дог жеуден дәстүрлі жарыс өтіп тұрады. Жарыста жеңген жеңімпаз 10 мың доллар иеленеді. Ал екінші, үшінші орын алған адамға 5 пен 2,5 мың доллар көлемінде сыйақы беріледі.

Сурет:justmj.ru

Дайындаған:Фараби Бақыт