- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Норвег өнертапқышын қарыздан...
Норвег өнертапқышын қарыздан құтқарған скрепкалар жайында
Сіз кеңсе құралы болып саналатын скрепканың қалай дүниеге келгенін және кім жасап шығарғанын білесіз бе? Жай ғана күрделі құрылымды емес зат кеңсе қағаздары үшін аса қажетті дүние. Скрепканы 1899 жылы норвег азаматы Юхан Волер жасап шығарған. Ол осындай құрал жасап шығарайын деп арнайы дайындалмаса да, бұл зат табан астында ойдан туыпты. Юхан Волер – өнертабушы және математик. Қарызға белшесінен батқан өнертапқыш Волер қаржы табудың жолын іздейді. Ойда жоқта көзі толып тұрған болат сымдарды шалып қалады. Бос жатқан сымдарға эксперимент жасап көрмек болады. Сымдарды бұрай бастайды да түрлі-түрлі скрепкаларды жасап шығарады.
Артынша бірден Сол жасаған өнертабысына патент жасап алады да, скрепкалар арқылы көп қаржыны қанжығасына басады. Осылайша жаңа өнертабысының арқасында біршама қарызынан да құтылып қалады. Қарап тұрсақ, ойда жоқта ойдан тудан скрепка ешқандай да күрделі құрылымы болмаса да, өнертапқышқа көптеген пайда әкелген.
1900 жылдан бастап бұл қарапайым өнертабыс АҚШ-та шыға бастады.
Ал скрепка дүниеге келмей тұрғанда қағаздарды қандай затпен қыстырған екен?
Қағаздарды қыстыру үшін оларды амалсыз тесіп, баумен байлаған не тігін түйреуішімен қыстырған екен. Бұл үшін қаншама хатшы мен кеңсе қызметкерінің саусағы тілініп, қанады екен? Белгілі мақсатпен, белгілі бір жоспармен жасалмаса да, скрепка сол баулар мен түйреуіштерді алмастырды. Қазір де қағаздардың ғұмыры осы бір қарапайым затпен тығыз байланысты.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Суреттер: nnm.ru, belkanctorg.com, stylegirlfriend.com
А. Әбілхан