Нобель сыйлығына кімдер үміткер? #4

Әлемдегі ең беделді ғылыми сыйлықтың лауреаттары анықталмас бұрын, жыл сайын болжам жасайтын америкалық Thomson Reuters компаниясының сарапшылары Нобельге үміткер бола алатын ғалымдарды атады. Айта кетсек, Thomson Reuters 2002 жылдан бері 37 ғалымның есімін анық болжаған.

Басы

Сарапшы мамандардың мәліметіне сенсек, жапон жазушысы Харуки Мураками Нобель сыйлығының 2015 жылғы лауреаты атануы мүмкін. Харуки мүмкіндігінің осы жылғы реттік саны 4-ке көтерілген. Ал өткен жылы Нобель сыйлығын алуы мүмкін болған жазушылар рейтингінде екінші орында тұрған кениялық жазушы Нгуги Ва Тхионго бұл жылы 6 сатыға төмендеген.

Нобель сыйлығына үміткерлер ішінде мүмкіндігі жоғары әдебиет майталмандарының ішінде белорус Светлана Алексиевич те бар. Ол әйгілі «Чернобыль дұғасы» (Чернобыльская молитва) атты романның авторы. Светлана Белорус Республикасының азаматы болғанымен, соңғы 15 жылдан бері Германияда өмір сүреді.

Потенциалды үміткерлердің қатарында сириялық ақын Адонис те бар. Дегенмен оның Сириядағы саяси ахуалды суреттейтін туындылары Нобель комитетінің назарына іліге қойған жоқ.

Нобель комитеті әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреатын 8 қазан, бейсенбі күні жариялайды. Нақты уақыты әзірге айтылмады.

Айта кетсек, медицина және физика салалары бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары бірнеше күн бұрын белгілі болды. Уильям Кэмпбелл, Сатоши Омура мен Ту Юю есімді бактериолог ғалымдар физиология және медицина салалары бойынша Нобель сыйлығының 2015 жылғы лауреаттары атанса, Артур Б. Макдональд пен Такааки Каита есімді физиктер нейтринді осцилляцияны ашқаны үшін ең беделді сыйлыққа ие болды. 

Жалғасы бар ...