Нобель сыйлығына кандидаттар санынан рекорд орнатылды. Бұл туралы Bnews.kz хабарлады. 259 кандидат, оның ішінде 50 мекеме Нобель сыйлығына үміткер ретінде қатыспақ. Бұл рекордтық көрсеткіш. Алдыңғы рекорд 2011 жылы болған, ол кезде 241 кандидат кандидат ұсынылды.
Нобель комитетінің ережелеріне сәйкес, жүлде ұсынылғаннан кейін елу жыл бойы үміткерлер тізімі құпия сақталады. Бірақ, үміткерлер арасында АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон, «Мемориал» ресейлік құқық қорғау қоғамы және тәлібтік фундаменталисшілер ауыр жаралаған пәкістандық мектеп оқушысы Малая Юсуфзаи бар екені мәлім.
2012 жылы Нобель сыйлығы құрлықтағы демократияны дамытқаны үшін Еуропалық одаққа берілген болатын. Сыйақы мөлшері он миллион шведтік кронды (шамамен 1,15 млн еуро) құрады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: rus.ruvr.ru