Шведалық Корольдік ғылым академиясы 2011 жылы Нобель сыйлығымен Сол Парлматтерді, Брайан Шмидті, Адам Риссті марапаттады.
Сыйақы алыста орналасқан жаңа жұлдыздарды зерттеу барысында ашылған жаңалық үшін берілген. Дәлірек айтқанда дүниенің кеңею үдеуі процесі зерттелінді. Сыйақының жарты сомасын Сол Перлматтер алса, ақшаның қалған бөлігін Брайан П. Шмидт пен Адам Г.Рисс бөліп алған. Кейбір ғалымдардар «дүниенің тіршілігі отта бітеді» деген пікір қозғап отырса, олардың апоненттері қарама-қарсы пікір ұстанып отыр. Сонымен дүниенің ақыры қандай болмақ? деген сұрақ туындап отыр. Дүниенің тіршілігі суық әрі мұзды болады деген пікірді жаңа Нобель сыйлығының иегерлері де қолдап отыр. Бұл ғалымдар аса жаңа жұлдыздардың кесірінен жарылған өзге жұлдыздарды зерттеп, алынған ғылыми деректерге сүйене отырып, дүниенің өте тез кеңейіп бара жатқанын айтып отыр. Бұндай ашылу бүкіл ғылыми қауымдастықты ғана емес, лауреаттардың өздерін де таң қалдырған.
Ғылыми зерттеу топтары құрылып, дүниенің барлық майда шүйделерін ескере отырып, әлем картасын жобалау проектісіне қатысқан. Жер бетінде мен ғарышта орналасқан телескоптар, аса тезәрекетті компьютерлер мен CCD сандық фотодатчиктердің көмегімен ғалымдар аса жаңа жұлдыздарды зерттеп, оларды ғарыш кеңістігін өлшеуде тірек нүктелері ретінде пайдаланған.
Ғалымдар тірек нүктелер ретінде Ia деп аталатын жұлдыздардың айрықша түрін пайдаланған. Бұндай жұлдыздар күнмен парапар ақ жұлдыздардың қақтығысып, жарылуынан пайда болады. Аса жаңа жұлдыздың жарылуы салдарынан бірнеше галактикаға жететін жарық мөлшері түзіледі. Барлығын санап есептегенде ғалымдар тобы Ia класына жататын жұлдыздардың көптеген түрлерін зерттеп, 50 аса жаңа жұлдыздардың бөлетін жарығы болжаған шамадан 25% -ға төмен деген қорытындыға келген. Дәл осының салдарынан ғалымдар дүние үлкен қарқынмен үлкейіп бара жатыр деген пікірді ұстанып отыр. Ғалымдар тобы бұл жаңалыққа екі түрлі жолмен келгеніне қарамастан, олардың ойлары бірдей болып тұр.
14 миллиард жыл бұрын болған Үлкен жарылыстың кесірінен дүниенің кеңейіп бара жатқаны бәрімізге мәлім. Бірақ, дүниенің кеңею қарқыны өте жылдам екені жайлы тек жақында ғана белгілі болды. Егер де жылдамдығы әлі де өсіп бара жатса, дүниенің ақыры суық болатыны сөзсіз.
Суреттер www3.daserste.de, ridus.ru сайттарынан алынған