Нобель сыйлығы – жыл сайын берілетін, жаңа ғылыми ашуларға арналған сый. Ақшалай құны мен мәртебесі үлкен Нобель сыйлығының биылғы физика саласы бойынша докторлар: Райнер Вайсс, Кип Торн және Барри Бэриш жеңімпаз атанды. Олар қандай жаңалық ашты?
Ғалымдар Альберт Эйнштейн осыдан 100 жыл бұрын айтып кеткен гравитациялық толқын түсінігіне зерттеу жасады.
Осыдан миллиард жыл бұрын Жерден 1,3 млрд жарық жылдамдығындай қашықтықта екі қара құрдым кездескен. Қара құрдым массалары да әртүрлі болған: 36 және 29. Күн екеуара айналып жүрген. Олар уақыты келген кезде бірігіп, үлкен жарылыс тудырған.
Үлкен жарылыс нәтижесінде бірнеше секунттар ішінде күн жүйесіндегі үш дененің массасы гравитациялық толқынға айналып, оның күші бүкіл он сегіз мың ғаламның жарығынан 50 есеге жоғары болған. Толқынның әсері біздің планетамызға да сезілді және бұл 2015 жылы 14 қыркүйек күні орын алды. Ғалымдар осы толқынды арнайы аспаптар арқылы жазып үлгіріп, зерттеу жұмыстарын бастап кетті.
Аталған еңбек биылғы Нобель лауреаты атануға лайық бірден-бір жоба. Себебі бұл жаңалықты ғалымдар 100 жыл күткен.
Пайдасы қандай?
Физика саласы бойынша жұмыс жасайтын ғалымдар ендігі жерде гравитациялық толқын туралы түсінік қана жасап қоймай, олардың механизмі туралы да айта алатын болады. Ең негізгісі – гравитация аумағы үлкен толқындарды құрайтыны және уақыт-кеңістігі осы бейнені демформациялай алатындығы.
Бүгінге дейін біздің гравитациялық толқынды көрмей оны ақ дақтар деп қазіргі физикада атап келгеніміз өз жауабын тапты. Бұл дегеніміз – қазіргі физиканың дамуына үлес қосатын тағы бір кірпіштің қалануы, жаңа бір теорияның нақтылануы. Уақыт өте келе болашақта гравитациялық астрономия жайында жаңалықтардың ашылуы да ғажап емес.