- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Нидерландыдағы кітап "төбешіктері"...
Нидерландыдағы кітап "төбешіктері"
Нидерландыдағы Роттердамдық MVRDV сәулет бюросы кварталды кітапхананы салып бітті. Бұл кітапхана басқа кітапханаларға мүлде ұқсамайды.
Спейкенис қаласындағы бұл жоба мынадай орналасу ерекшелігімен таң қалдырады: архитекторлар кітапханаға жалпы аумағы 3,500 шаршы метр болатын, дәліздер мен басқыштар арқылы аралайтын, суырма мен сөрелерден тұратын үлкен кітап «төбешіктерін» жасап шығарды.
Мұндай құрылым кез келген қабаттағы кітаптарды аралау үшін ыңғайлы болып табылады. «Төбешіктің» әйнек шатыры пирамида сияқты үшкір болып келіп, төбесінде кафе орналастырылған, сол жерден кітапхананың ішкі, кең көлемді әдемі де әсерлі келбеті анық көрінеді. Қазірдің өзінде кітап сөрелерінен 70 мыңдай кітап табуға болады. Архитектурлардың есептеуінше әлі де 80 мың дана кітап сияды екен. Кітап кварталының аумағына €30 миллион жұмсалған. Атап айтқанда кітапхана аумағында кеңсе, дәрісхана, шахмат клубтары, оқу орталықтары бар.
Дайындаған: Шерхан Талапұлы
Сурет: buro247.ru
Ш. Талап