- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Нейтринді осцилляция үшін...
Нейтринді осцилляция үшін Нобель сыйлығы тағайындалды
Нобель комитеті Стокгольмдегі Каролин медициналық институтында физика ғылымы бойынша Нобель сыйлығына лайық деп табылған ғалымдар есімін атады. Олар – Артур Б. Макдональд (Канада) пен Такааки Каита (Жапония).
Физика саласы бойынша Нобель сыйлығының 2015 жылғы лауреаттары нейтринді осцилляцияны зерттеумен айналысқан. Жаңалық ядролық физикадағы материяның ішкі механизмінің үнемі өзгеріп отыратынын түсіндіреді. Такааки Каджита атмосферадағы нейтринолар (нейтрондар) бір күйден екінші күйге ауысатынын дәлелдеді. Ал Артур МакДональд басқарған канадалық ғалымдар Күннен шыққан нейтринолар жолда жойылып кетпей, Жерге басқа күйде жететінін анықтаған. Ғылыми зерттеу жұмыстары Седбери обсерваториясында (Канада) жүргізілген.
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы әлемдегі ең беделді ғылыми сыйлық Исаму Акасаки (Жапония), Хироси Амано (Жапония) мен Сюдзи Накамурелерге (АҚШ) бұйырған. Олар экологиялық таза әрі үнемді жарық тарататын диод (LED) құрастырғаны үшін марапатталған. Ғалымдардың жаңалығы – қазіргі таңда қолданыста жүрген электр лампаларының аналогы. Жақын болашақта сұранысқа ие болуы бек мүмкін.
Айта кетсек, медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары бірнеше күн бұрын белгілі болды. Уильям Кэмпбелл, Сатоши Омура мен Ту Юю есімді бактериолог ғалымдар физиология және медицина бойынша Нобель сыйлығының 2015 жылғы лауреаттары атанды.
Ж. Өрісбай