- Негізгі бет
- Жаратылыстану
- Непалдық жігіт жыланды...
Непалдық жігіт жыланды тірідей шайнап өлтірді
Непал астанасынан 200 километр қашықтықта тұратын 55 жастағы Мұхаммед Салмо Мийя өзін шағып алған жыланды қуып жетіп, тірідей шайнап тастады.
«Мен оны таяқпен бір ұрып өлтіре салуыма болар еді, бірақ мен сол сәтте қатты ашулы болдым», - дейді Мұхаммед жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Полиция өкілдерінің мәлімдеуінше, болған оқиғадан соң, жыланды тірідей шайнаған еркек ауылдық ауруханаға жатқызылған. «Жылан өлтіргені үшін оның атына іс те қозғалмайды, себебі бұл жылан Непал елінде қорғауға алынғандардың тізімінде жоқ», - деп полиция өкілдері өз сөздерін жалғады.
Айта кетсек, Мұхаммед өлтірген жылан әбжылан түріне жатады. Мұндай жыландардың ұзындығы 1,5 метрден 2 метрге дейін жетеді. Ірі улы жыландар көбіне джунгли, күріш алқаптарын, бау-бақшаларды мекендейді. Алайда ірі улы жыланның уынан адамдар сирек өледі екен.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: mirfactov.com
Ж. FM