ТМД елдерінің барлық дерлік азаматтарының еңбек уақыты бір аптаға 40 сағаттан келеді екен. Ал жұмыс уақыты ең қысқа елдердің тізімін Германия мен Нидерланды бастап тұр. Бұл туралы DPA агенттігі хабарлап отыр.
Мәселен, аталған елдерде жұмыс күні шамамен 5 сағатқа созылады. Сонда бір жыл көлемінде 1 330 сағат жұмыс істейді деген сөз. Ал бір сағат еткен еңбегі үшін Германияда – 35, Нидерландыда 42 доллар төленеді. Әлемдегі жұмыс уақыты ең қысқа елдердің қатарына сондай-ақ Франция (аптасына 26 сағат еңбек), Австрия (27,5 сағат), Бельгия (27,8 сағат), Ирландия (28,3 сағат), Дания (28 сағат), Люксембург (30 сағат), Финляндия (30 сағат), Британия (31 сағат) секілді мемлекеттер кіреді.
Айта кетсек, дәл осы ондыққа кірген елдердің еңбекақысы да жоғары болып саналады.
Бір ескеретіні, жұмыста сирек болса да қалып қалып, кеш бойы жұмыс істейтін неміс жұрты болып шыққан. Олар келісілген уақыт әлдеқашан бітіп қалса да, жұмыс орнында отырып, үлкен ізденіс үстінде еңбектенеді екен. Бұл көрсеткіш жағынан олар барлық елдерден алда тұр.
Сурет: rusverlag.de
Дайындаған: Фараби Бақыт