Неге ұйқыдағы адамды суретке түсіруге болмайды?

Неге ұйқыдағы адамды суретке түсіруге болмайды?

Жалпы бұл ырым фотографтар арасында сондай-ақ қарапайым халық арасында да кеңінен тараған. Әсіресе бұл ырымға жаңа туған нәрестелердің аналары аса бір үлкен үреймен қарайды. Аталған ырымның шығу тарихы неде және не үшін ұйқыдағы адамды суретке түсіруге болмайды?

XIX ғасырда Еуропада өлі адамдарды ұйықтап жатқан секілді суретке түсіру дәстүрі болған. Өлгендерді әдемі киіндіріп, төсекке жатқызып немесе креслоға отырғызып суретке түсіретін болған. Өлі адамдардың үстел басында отбасы мүшелерімен бірге шай ішіп отырған кейіптерін де жиі көруге болатын. Қазір адам басына қонбайтын мұндай іс-әрекеттер сол кезде үйреншікті нәрсе болып есептелген. Аталған ырымның шығу тарихы да осыдан - көздері жұмулы, ұйықтап жатқан адам секілді кейіппен суретке түсірілгендер өліктер болған.

Жоғарыда айтылған ырымға байланысты неліктен ұйқыдағы адамдарды суретке түсіруге болмайтынын байқауға болады. Ырымға сенетін болсақ, ұйқыдағы адамды суретке түсіретін болса, ол адам ұзақ өмір кешпейді-міс. Неге десеңіз, ол  өзіне мұндай кейіппен өлімді шақыратын болса керек. 

Халық арасында кеңінен таралған тағы бір нұсқаға көз жүгіртер болсақ адам ұйқыға батқан кезде оның жаны денесінен шығады екен. Осы уақытта адамды суретке түсіретін болса, адамның энергетикасына кері әсерінін тигізуі мүмкін. Сондай-ақ фотоаппарат жарқылдағынан ұйқыдағы адам қатты шошып оянуы да әбден мүмкін.

Жоғарыда айтылған ырымға сеніп-сенбеу әрбір адамның жеке ісі, бірақ бұл ырымның қайдан және қалай пайда болғанын енді білетін болдыңыздар.

Сурет: 2become1.ru

Ж. FM