Неге қара нәсілділер күнге күймейді?

Неге қара нәсілділер күнге күймейді?

Бүгін біз сіздерге неге қара нәсілді адамдар ақ нәсілділерге қарағанда күнге жай күйеді деген сұраққа жауап беретін боламыз. Сонымен көз алдыңызға ақ денелі жапон қызы мен ганалық жүйрікті елестетіңіз...

Егер ақ денелі жапондық пен қап-қара ганалықты ұстап көретін болсаңыз, ганалық өте ыстық, ал жапондықтың денесі салқын болады. Бұның себебі ганалықтың терісі жапондыққа қарағанда бірнеше есе көп меланин бөліп шығарады және соның нәтижесінде УК-сәулеленудің көп бөлігі жылуға айналады. Сондықтан күнге күю үшін қара нәсілдіге жапондыққа қарағанда, күн астында ұзағырақ болу керек. Дегенмен, кез келген түстегі адамдардың барлығында меланоциттер жасушалары шамамен бірдей болады және олар тек өндіретін пигменттер санымен өзгешеленеді.

Меланин – ол тері түсін анықтайтын қарақоңыр пигмент. Меланин көп болған сайын, тері қаралана береді (меланин аз болса керісінше).

Күнге күю – терінің қорғануға арналған қорғаныс реақциясы. Адам организмі ДНҚ-ның зақымданғанын анықтаған сәттен бастап, ол бірден меланоциттерге (эпидермис жасушаларына) көбірек меланин шығару әмір береді.

Күю кезінде эпидермис жасушаларының көп бөлігі жойылып кетеді, соған байланысты организм жасушалардың зақымдануынан арылу үшін қан құйылымын ұлғайтады – осыдан дене қызаруы пайда болады. Сонымен қатар, өлі жасушалардан қалған қоқыстар жүйке тамырларына әсер етіп, дене ауырады.

Сурет: theoryandpractice.ru 

Ж. FM