Неандерталдықтарды өлтірген - көздері

Неандерталдықтарды өлтірген - көздері

Неандерталдықтардың жойылып кетуінің басты себебінің бірі көздерінің тым үлкен болуы. Бұл туралы Оксфорд университетінің ғалымдары айтты. Олардың айтуынша, Африкадан Еуропаға қарай қоныс аударған ежелгі адамдар жаңа жарықтық климатқа адаптацияланып, нәтижесінде көздері біршама үлкейген. Бірақ бұл оларға бақ емес, соры болып жабысты.

Неандерталдықтардың миының көлемі қазіргі адамдардың миымен бірдей болса да, структурасында айтарлықтай өзгерістер бар. Талдаулардың нәтижесінде олардың миларының көруге жауап беретін бөлігі қатты дамып, есесіне әлеуметтік мінез-құлқын анықтайтын бөліктері кері кетіп қалғандығы анықталған.

Тәжірибе барысында мамандар осыдан 27-75 мың жыл бұрын өмір сүрген 13 неандерталдықтың бас сүйегі мен қазіргі адамдардың 32 бас сүйегін салыстыра зерттеген екен.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: science.compulenta.ru

Massaget