Статистикалық көрсеткіштер АҚШ-та 1995-2008 жылдар аралығында найзағайдың соққысынан 648 адамның қайтыс болғандығын айтып отыр. Бұл жерде аса назар аударарлығы, қаза болғандардың 82%-ы ер адамдар екен. Ұлттық метрологиялық орталықтың найзағайдан қорғау жөніндегі маманы найзағай кезіндегі қауіп әйелдерге қарағанда еркектерге екі есе төнетіндігін айтып отыр.
Жо-жоқ, бұл қауіптің себебі ер адамдардың ағзасына немесе гормондарына байланысты емес.
Ер адамдар нөсерлі, жауын-шашынды күндері осал жерлерде, мәселен, гольф алаңында немесе табиғатта жүреді. Статистикаға сенсек, найзағай соққысын алған еркектердің басым бөлігі спортпен айналысу үстінде немесе белсенді демалыс уақытысында қаза болған. Ал нәзік жандыларымыз нашар ауа-райында көшеге шықпай, үйде отыруды жөн көретіндіктен найзағай соққысын көре бермейді.
Суреттер: byaki.net
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева