NASA: «Марсқа адамдар 1979 жылы қадам басқан»

NASA: «Марсқа адамдар 1979 жылы қадам басқан»

Кезекті үлкен шу америкалық ғарыш агенттігінде орын алды. NASA агенттігінің бұрынғы қызметкері Қызыл ғаламшарға адам баласының 1979 жылы қадам басқанын айтады.

Өткен ғасырдың 70-жылдарында агенттікте еңбек еткен Джеки есімді астрофизик Марстың беткі қабатында скафандр киген адамның жүріп бара жатқанын видеода көргенін айтады. Видеоны сол кезде Марсқа арнайы зерттеумен ұшырылған Viking ғарыш кемесі түсірген.

Джеки видеоны Марсқа жеткен аппаратпен телеметриялық байланыс орнатып жатқан кезде көріп қалғанын айтады. Видеоны одан бөлек тағы алты қызметкер көрген. Сосын Джеки болған жағдайды дереу басшылыққа хабарлауға асығады. Кейін қайтып келгенде зертханаға кіру мүмкін болмай қалған.

Мамандардың айтуынша, бұл АҚШ-тың Қызыл ғаламшарға бағытталған құпия жобаларының бірі болуы мүмкін. Бірақ ғарышкерлердің скафандры біршама өзгеше болғанын да Джеки растап отыр.

NASA ғарыш агенттігінің ресми өкілдері әзірге көптің жағасын ұстатқан мәлімдемеге қатысты пікір айтпады. Дегенмен агенттіктің техникалық директоры Дэвид Миллер осыған дейін Марстың адамзат үшін келесі ортасы болатыны туралы бірнеше рет айтқан болатын. Демек зерттеу жұмыстары осындай мүмкіндікке жеткізе алатын болса, алдағы уақытта Марс жерліктердің отарына айналуы әбден мүмкін.

Сурет: 100-faktov.ru

Ж. Өрісбай